Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 17 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтааралда өтемақы төлеу үшін банк карталары таратыла бастады

Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін «Halyk bank» карталары таратыла бастады. Осы мақсатта эвакуациялық пунктерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті. Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін 1000 АҚШ долларлық өтемақы да осы карталарға аударылатын болады.

Қазақстан • 17 Мамыр, 2020

Түркістан: Селден жапа шеккен 30-дан астам үй қайта салынады

Төлеби ауданындағы өзендердің деңгейі нөсер жауынның салдарынан көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйдің ауласына, оның ішінде 76 үйге су кірген болатын. Қазіргі уақытта селден жапа шеккен 30-дан астам үй анықталып, олар қайта салынатын болады.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2020

Түркістан: Қырыққабат Белоруссияға экспортталуда

Түркістан облысында биыл 300 мың тонна қырыққабат өндіру жоспарланып, онын 250 мың тоннасы экспортқа, 50 мың тоннасын ішкі нарыққа сату көзделген болатын. Алайда «үйдегі сауданы базардағы нарық бұзар» демекші, қырыққабатты өткізу өзекті мәселеге айналғаны мәлім.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Түркістан: Індеттің шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде

Түркістан өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов Сарыағаш ауданына қарасты «Қазығұрт» және «Жібек жолы» кеден бекеттерінде болып, кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Түркістан: Сарқынды судан балық аулауға тыйым салынды

Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде мамандар  8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Түркістан: Еріктілер мақтааралдықтарға 50 тонна әлеуметтік көмекті жеткізді

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабы құрамында бастапқы күндері, тоғандар мен дамбылар жасауға жұмылдырылған адамдармен қоса есептегенде 500-ге жуық волонтерлар қызмет етсе, бүгінгі таңда тұрақты түрде жұмыс істейтін 100-ге жуық ерікті бар.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Түркістан: Су шайған көпірлер қалпына келтірілді

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Су басқан ауылдардан 8 455 текше метр су шығарылды

Мақтаарал ауданында су басқан Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс ауылдарынан жалпы 8 455 текше метр су шығарылған.

Экология • 15 Мамыр, 2020

Қырық жылдан кейін қайталанған сел

Ауыл аман. Адам шығыны жоқ. Суға кеткен оншақты малдың орны толар. Дегенмен кешегі нөсер жауын көпшілікті үрейлендіріп, көңілге қорқыныш ұялатқаны анық. Мұндай тасқын суды соңғы қырық жылда көрмеген қасқасулықтар бүгінде ертеңгі күннің қамын жасауда.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Түркістан: Сел тасқыны орын алған аудандарда 258 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды.