Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан облысында 14 өрт оқиғасы тіркелген

Түркістан облысы аумағында биылғы 5 айда  жергілікті орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелді. Келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы - 802,2 мың теңге шамасында. Орман өртінің көлемі - 2347,8 гектар, оның 287 гектары  орманды алқап.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан: Зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

«Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зақымдалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістанда бала туу көрсеткіші артқан

Тіл-көзден сақтасын, облыс орталығы Түркістан қаласында бала туу көрсеткіші жыл сайын өсуде. Өткен жылғы 4 айда киелі қалада 2 212 сәби дүниеге келген. Ал, биыл бұл көрсеткіш  2 951-ге жетіп, салыстырмалы түрде өсім  739 болып отыр.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Мақтааралдағы судан құрғатылған ауылдар күл-қоқыстан тазартылуда

Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендердің барлығы судан тазартылды. Аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды. Енді зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда әр аудан өзіне бөлінген елді мекен аумағына жауапты.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

«Самұрық-Қазына» Мақтааралға 1 млрд теңге жібереді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіруге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  АҚ-ы 1 млрд теңге жібереді.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Өмірзақ Шөкеев білікті құрылысшыларды ынталандыруды тапсырды

Бүгінде Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты  14 тұрғын үй мен 12 қабатты 29 тұрғын үйдің, Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізілуде.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Балаларды қараусыз қалдыру - қайғылы оқиғаға себеп болады

Түркістан облысында жазғы шомылу маусымы кезінде су  айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі. Мұның бір себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке қарай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің аға офицері Ораз Айтқұлов мәлім етті. 

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Түркістан: Сырдария өзенінің бойы шыбын-шіркейден тазартылуда

Түркістан облысының Сырдария өзені арнасына жақын орналасқан Арыс қаласы, Отырар және Шардара аудандарының тұрғындарына шыбын-шіркей жылдар бойы жапа шегіп келген болатын. Дәрігерлердің деректеріне жүгінсек, соңғы 3 жылда 1102 адам денелері бөртіп медицина қызметкерлеріне шағымданған. Осы жәйттерді ескерген сала мамандары ауыл аймақтарда зиянкестердің көзін жойып, халыққа қолайлы жағдай жасауды қолға алып отыр.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістан: Көктемгі дала жұмыстарына кедергі жоқ

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын нәтижелі жүргізу ісіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Қазірдің өзінде мырзашөлдік шаруалар 60 мың 926 гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістан: Әскери міндеттілер жұмысы қорытындыланды

Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер жұмысы аяқталды.