Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістанда шығыс моншасы пайдалануға берілді

Іргетасы өткен жылы қаланған тарихи сәулет үлгісіндегі монша Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Түркістанда тұрмысы төмен отбасылар табиғи газға тегін қосылды

Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көпбалалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға «КазТрансГаз» АҚ-ы көмек ретінде «көгілдір отынды» тегін кіргізіп берді.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Мал өлекселерінің көпшілігі Өзбекстаннан ағып келгені анықталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған 5 ауылдан шығарылған мал өлекселері толығымен жойылды. Бұл аумақтарда мал ауру түрлерінің таралу қаупі жоқ. Топан су басқан ауылдардан жалпы 931 бас мал өлексесі шығарылған. Оның 40-ы ірі қара, 876-сы уақ мал, 9-ы жылқы, 6-уы түйе.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Түркістан: Атырау облысынан 12 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек жетті

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 12 млн теңге көлеміндегі 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті.

Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Түркістан: Бас мүфти мұқтаж жандарға баспана кілтін табыс етті

Топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындардың жағдайын рамазан айында сұрай келген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық жасауды да мақсат тұтыпты. Қажы өзімен бірге орталықтандырылған қоймаға 30 тонна ұн алып келді. Сондай-ақ, облыстық қайырымдылық қорына көмек ретінде аударылатын 10 млн теңгенің сертификатын табыстады.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Түркістан: Балалар «Балдәуренде» демалады

Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елді мекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Парламент депутаттары мақтааралдықтардың жағдайына қанықты

Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Сенат депутаттары Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев және Мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың жағдайымен танысты.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Мақтааралдық кәсіпкер 600 тонна қырыққабатты тегін таратуда

Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Түркістан: Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді

Мақтааралдағы топан судан зардап шеккен тұрғындарға Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Премьер-Министрдің орынбасары су басқан ауылдардағы жағдаймен танысты

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Төлеби ауданына барып, нөсерлі жауын салдарынан зардап шеккен ауылдардың жағдайымен танысты.