Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Түркістан: 3601 гектарға жуық ауыл шаруашылығы дақылдары су астында қалды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 3601 гектарға жуық ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған. Алдын ала болжам бойынша шығын көлемі 404 млн теңгені құрап отыр.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданында су басқан 4 ауылда 620 үй бүлінді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елді мекені, яғни Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Түркістан: Аудан орталығы Мырзакенттің 12 мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді

Көрші Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елді мекенін су басып тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілген болатын. Сарқынды судан аудан орталығы - Мырзакентке де қауіп төнгендіктен кеше түнгі сағат 23:00-де 12 мыңға жуық тұрғын толық Атакент кентіне көшірілді.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданындағы жағдай толық бақылауда

Мақтаарал ауданында Арыстың тәжірибесіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіледі. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға барып, жағдаймен танысты. Аудан әкімі Б.Асановқа төтенше жағдайдан зақым келген әлеуметтік нысан мен жапа шеккен мал-мүлік санын анықтауды тапсырды. Соған сәйкес, ұйымдастыру жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда төрт елді мекеннен 5400-ден астам адам эвакуацияланды.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтааралда республикалық жедел штаб жұмыс істеуде

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдайды бағалау үшін өңірге шұғыл жеткен Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков және Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары Арлен Бүркітбаев су басу қаупі бар аумақты әуеден бақылады.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Дүрлігудің қажеті жоқ, барлығы ұйымдасқан түрде реттеліп, өз қалпына келеді

Кеше, яғни 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып,  Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылғандықтан ауданда жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.

Тағайындау • 02 Мамыр, 2020

Түркістан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданын Нұрлан Байғұт, Ордабасы ауданын Нұрбол Тұрашбеков басқаратын болды. Жаңа әкімді аудан активіне таныстырған облыс әкімі алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар маңызды жобаларға назар аударды.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Түркістан: Мақтаарал ауданында елді мекендер тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде

Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасы дамбасының бұзылуы Түркістан облысы өңірінің тұрғындарына да залалын тигізуде.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Түркістан облысында тағы 5 азамат індеттен айығып, отбасына оралды

Түркістан облысында 1 мамырдағы ақпарат бойынша 5  азамат коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Түркістан: 250 тонна қырыққабат қайырымдылық қоры арқылы тегін таратылады

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылы еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелтілмек.