Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Түркістан: 1400-ге жуық жұмыссыз қалған бизнес өкілдерінен өтініш түскен

Табысынан айрылған азаматтарға берілетін 42,5 мың теңге көмекті алу үшін Түркістан облысында 1400-ге жуық жұмыссыз қалған бизнес өкілдерінен өтініш түскен. Өтінімдер саны күн санап көбеюде.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Түркістанда биыл 15 нысан пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында бірқатар нысандардың құрылысы мамыр-қыркүйек айларында толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Тұңғыш Президент саябағы,  орталық аллея, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Түркістан: Кәсіпкер әлеуметтік қорға 25 млн теңге аударды

Түркістан облысында Nur Otan партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға өңірдегі кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар атсалысуда. Солардың бірі – белгілі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Түркістан» әлеуметтік-корпоративтік даму қорына 25 млн теңге аударды.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Түркістан облысы: Ауылдағылар ақылдаса келе, оңтайлы шешім қабылдады

Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирус жұқтырғандар санының 13- ке жетуі ауылдағыларды алаңдатып отыр. Ауданда карантин енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілген. Екі бірдей ауыл қоршауға алынып, дерттің таралмауына барынша күш салынуда.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Түркістан: Бес жасар балдырған вирусты анасынан жұқтырған 

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Түркістан облысында тағы 2 адамның індет жұқтырғаны анықталды

Түркістан облысында 5 сәуір таңертеңгі мәліметтер бойынша, індет жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Өңірде коронавирус індетімен тіркелгендер саны 25-ке жетті.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Жетісайлық жомарт жандар

Түркістан өңірінде ең көп індет жұқтырған Жетісай ауданының тұрғындары болып отыр. Бұл жәйт жергілікті жұрттың жүйкесіне кері әсерін тигізіп жатқаны да жасырын емес. Дегенмен қиын сәтте қол ұшын созып қамыққан көңілді демдейтін қайырымды жандардың бары қуантады.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Түркістанда құрылыс тоқтамайды

Түркістан қаласындағы 35 нысанда 3261 құрылысшы бір ауысымда жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.

Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Түркістан: Төтенше жағдай тәртібін бұзған 26 адам қамауға алынды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков блок-бекеттерде облыс аумағындағы шектеулер жайлы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген қызметіне көшкен. Инфекцияның алдын алу мақсатында облыста 76 блок-бекет қойылған, онда тәулік бойы дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істейді. Оның ішінде екі блок-пост республикалық маңызы бар автожолдарда ашылған.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Түркістан: Арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер сызылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында халық көп жиналатын «Халық банк» АҚ мен «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелері ғимаратының алдына кезекке тұратын арнайы орындар белгіленген. Ақ түсті бояумен көрсетілген орындардың арақашықтығы – 2 метр.