Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Түркістан облысында жаңа 7 мектеп ашылды

Білім күніне орай, Түркістан облысында жаңадан 7 мектеп ашылды, ал жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс көлемінде биыл 56 506 бала бірінші сынып табалдырығын аттады, жалпы білім алатын оқушылар саны 488 520-ға жетіп отыр.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2019

Түркістан: Конституция күніне орай 660 отбасы баспаналы болды

Түркістан қаласының «Отырар» ықшам ауданында салынған 5 қабатты 11 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі – 165 және 3 бөлмелі 330 пәтер ел игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыс етіп, Конституция күнімен құттықтады.

Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Түркістан: «Ауыл - ел бесігі» жобасы партиялық бақылауға алынады

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңес мәжілісін өткізіп, Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын өңірде іске асырудың тиімді жолдарын талқылады.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Әлеуметтік нысандар құрылысын аяқтады

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Арыс қаласындағы 68 әлеу­меттік инфрақұрылым нысанын қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4-еуі бұзылып, қайта тұр­ғызылды.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Арыс: Қалалық аурухана өз жұмысын қайта жалғастырды

Арыс қалалық орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Апаттан кейін толық жөндеуден өткен ауруханада заманауи «Триаж жүйесі» іске қосылып, медициналық ақпараттық жүйемен қамтылды. Арнайы қызыл, сары, жасыл түсті бағыттарға арналған принтерлермен жабдықталып, электрондық қолтаңбалар орнатылды.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Бұқаралық спорт – басты назарда

Саламатты өмір салты мен адамның өз ден­саулығы үшін жауап­кер­шілігі қағидаты – ден­­­саулық саласындағы және халықтың күнделік­ті тұр­мысындағы мемле­кет­тік саясаттың ең бас­ты мәселесі болуы тиіс. Бұл орайда Елбасы Н.Назар­баев Жолдауында тиіс­ті министрлік пен әкімдер­ге нақты міндеттер жүк­теп, 2020 жылға қазақ­стандықтардың 30%-ы бұ­қаралық спортқа тартылуы керектігін айтқан болатын.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Қобыздың құны

Ұлттық аспаптарымен қатар ағаштан жасаған туындылары жоғары бағаланып жүрген түркістандық шебер Дәурен Миншариповті іздейтіндердің арасында шетелдік туристер де көп. Туындыларын дүкендерге, сауда орындарына қоймайтын шебердің қолынан шыққан дүниені іздегендер шеберханасынан табады.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Жазғы лагерьдегі жаға ұстатқан жағдай

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Сұңқар» жазғы сауықтыру лагеріне демалысқа келген балаларды әлдебір бойжеткеннің балағаттап, ұрып-соққаны бейнеленген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Ұялы телефонға түсірілген «ұятсыз» оқиғаны сөзбен айтып жеткізе алмас­пыз. Бойжеткеннің аузынан жасөспірімдерге қарата айтылған балағат сөздер, «өлтірем сендерді, пышақтаймын... ыстық шайға күйдіремін» деп қорқытуы, «мал» деп намысын таптағаны, ұрып, тепкен қатыгез әрекеттері көпшіліктің жағасын ұстатты.

Аймақтар • 18 Тамыз, 2019

Түркістанда жаңа автовокзал пайдалануға берілді

Түркістан облысына кезекті жұмыс сапарымен келген Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан қаласындағы халықаралық автовокзалдың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Түркістан: Састөбеде спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы денешынықтыру - сауықтыру спорт кешені ашылды.