Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Арыста құрылыс жұмыстары түнде де жүргізілуде

Арыс қаласында еліміздің барлық облысы мен үш мегаполисінен келген 5 мыңдай құрылысшы, 180-нен астам мердігер жұмыс істеуде. Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмыстарына тартылған.

Медицина • 09 Шілде, 2019

Түркістанда дәрігерлерге 2 млрд 867 млн теңге үстемақы төленді

Түркістан облысында 178 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 45-і инфекциялық және провизорлық госпитальдарға қойылған. Жетісай, Мақтаарал аудандарының кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, 6 ӨЖЖ аппаратын Жетісай қалалық ауруханасына пайдалануға берді. Өңірде жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен 4 зертхана коронавирусқа қарсы тексеруден өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Медициналық мекемелердің жабдықталуына 5,2 млрд теңге бөлінген

Соңғы жылдары Түркістан облысының денсаулық саласында оң өзгерістер байқалуда. Оған Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылып, Оңтүстік Қазақ­стан облысының әкімшілік орталығы Түркістанға көшірілген әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерісі оң әсерін тигізді. Мы­салы, Түркістан өңірінде соңғы 7-8 жылдың көлемінде ірі емханалар салынбаған екен. Ал биыл Жетісай, Мырзакент, Атакент, Сай­рам мен Кентауда құрылысы жүріп жатқан бес емхана ел игілігіне пайдалануға берілмек. Олардың әрбірі бір ауысымда 500 пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы. Келесі жылы осындай емхана Шардара ауданында іске қосылады.

Аймақтар • 17 Маусым, 2019

Түркістанның түлеуі

Бар қазақ сүйінші сұрайтын айшықты оқиға, аймақтың дамуы­на оң серпін беретін тарихи шешім деп бағаланған Елбасы Н.Назарбаевтың Түркістан облысын құру туралы Жарлығы шыққанына да жыл толайын деп отыр.

Медицина • 15 Маусым, 2019

Түркістанда инсульт орталығы ашылды

Түркістан қалалық орталық ауруханасында «Инсульт орталығы» мен «Триаж» жүйесімен жабдықталған жаңа қабылдау бөлімі ашылды.

Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Түркістан: жастардың тың жобалары қолдау тапты

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалында қайта даярлаудан өткен жас мемлекеттік қызметшілер өңірді дамыту бойынша әзірлеген жобаларын ұсынды. Облыс әкімдігінде өткен жиынында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатынын мәлімдеді.

Аймақтар • 10 Маусым, 2019

Механизатор мамандары тапшы ма?

Қаңтардан бастап-ақ дала жұмыстарына қамданатын Жетісай өңіріне жуырда жолымыз түскен-ді. Ақпанда егіліп, сәуірде жиналатын қырыққабаттың орнын қайта өңдеп, мақта, тағы басқа дақылдарды егетін диқандардың жұмысы қызу.

Аймақтар • 09 Маусым, 2019

Түркістан: Маңызды науқан жоғары деңгейде өтіп жатыр

Таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастаған Түркістан облысындағы 889 сайлау учаскелерінде тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысуда. Ресми деректерге жүгінсек, алғашқы үш сағатта облыс сайлаушыларының 15 пайызға жуығы дауыс берген.

Қоғам • 08 Маусым, 2019

Түркістанда 300 мемлекеттік қызметші баспаналы болады

Биыл облыс орталығы Түркістанда 1836 отбасы қоныс тойын тойлайды. Олардың 300-і мемлекеттік саланың қызметкері болса, 1200-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар.

Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Түркістан облысында еліміздегі ең ірі жылыжай кешені салынады

Жылыжай кешенін салу үшін Келес ауданынан арнайы 500 гектар жер бөлінген. Инвестициялық құны 1,1 млрд АҚШ доллары болатын жобаны ресейлік «Эко-культура» компаниясы жүзеге асырмақ.