Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Облыс атынан өнер көрсетеді

Түркістан қаласындағы Мә­дениет үйінде «Бала да­уысы» ұлттық балалар ән байқауының 4-ші мау­сы­мының іріктеу кезеңі өтті. Музыкалық және шы­ғар­машылық дарыны бар балаларды анықтап қолдау көрсетуді, олардың шы­ғармашылық әлеуетін жү­зеге асыруға, бола­шақта та­лап-қабі­леттерін дамытуға кө­мек­те­суді мақсат еткен бай­қау­ға облыстың әр түкпі­рінен 100-ден аса бала қа­тысып, бағын сынады.

Руханият • 10 Сәуір, 2019

Елбасының достары киелі жерлерге зиярат жасады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың мектеп қабырғасында және Днепродзержинскіде бірге оқыған сыныптас, курстас достары бастаған бір топ аға буын Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, ұлылар мекенінің тарихымен танысты.

Әлем • 09 Сәуір, 2019

Түркістанда Түркия – Қазақстан денсаулық апталығы өтуде

Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы» басталды.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2019

Ана мен балаға кең ауқымды қызмет көрсетеді

Еліміздегі әрбір бесінші азамат дүниеге келетін, яғни туу көрсеткішінің деңгейі жоғары Түркістан облысында ана мен баланың денсаулығын қорғау маңызды мәселе. Бұл орайда облыстағы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы басты назарда. Түркістанда жыл сайын шамамен 1000 медицина қызметкерінің білімі мен тәжірибесін жетілдіретін, жаңа әмбебап озық үлгіге сай оқытатын орталықтың ашылуы сөзімізге дәлел.