Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Жүйкесі сыр берген орынбасарға сөгіс жарияланды

Мемлекеттік қызметші қарапайым болып, жалпыға бірдей қабылданған моралдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауға тиіс. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты заң талабында осылай жазылған.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Полицейлер жол қозғалысы ережелері бойынша емтихан тапсыруы мүмкін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов және Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Аднан Мендерестің атында көше бар

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 30-шы көше бұдан былай Түркі әлеміне танымал қайраткер Аднан Мендерестің атымен аталады.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2022

Қажымұқанға арналған кешен құрылысына қаржы табылмай тұр

Спорттағы өнері аңызға айналып, даңқы алысқа кеткен, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалағаны туралы дерек бар. Сонымен қатар Қажымұқан ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде қалған. Қажымұқанның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қолының ашықтығы мен көпшілдігі екенін айтушылар да аз емес. Кей деректерде Қазан төңкерісінен кейін Қажымұқанның өзі ұйымдастырған турнирлерде өнер көрсете бастағаны, тапқан табысын жергілікті халыққа мектептер мен ауруханалар салуға беріп, өзіне және жақындарына өте аз қаражат жұмсағаны айтылады. Қайырымды жанның жақсылығы ұмытылған жоқ, алайда есімін ел есінде қалдыру ісінде бүгінгілердің әрекеті көңіл толарлықтай емес.

Оқиға • 08 Мамыр, 2022

Ислам өркениеті және түркілер Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға қатысушылар алдымен Әзірет Сұлтанның басына барып, арнайы тағзым етті.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Түркістанда түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2022

«Оңтүстік волейболының атасы» атанған бапкерге ескерткіш тақта орнатылды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының волейболын берісі Қазақстанға, арысы күллі ТМД елдеріне танытқан бапкер Орынбасар Мерқұлұлы 70-тен асқан шағында дүниеден өтті. Мақтааралдықтар бапкер талай жыл тер төгіп, жүздеген шәкірт тәрбиелеп шығарған спорт мектебінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2022

Үшінші мегаполисте 90 келіге жуық есірткі тәркіленген

Шымкент қаласы бойынша былтыр 10 611 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2022

Отыз жылдыққа – 30 жоба

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған 30 жобаның таныстырылымы өтті.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2022

Бюрократиялық кедергілерге жол берілмейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік аппарат­тың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, агенттік барлық әкімшілік рәсімдерге талдау жасап, әр жарты жыл са­йын оның нәтижесін, яғни бюрократия көріністерін алдын алу бойынша нақты ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне енгізеді. Бюрократиялық кедергілерге жол берілмейді.