Аймақтар • 12 Сәуір, 2022
Жылыжайлы өңірде көкөніс неге қымбат?
Жылыжайы көп, көкөніспен тұтынушыларды жыл бойы қамту мүмкіндігі мол Түркістан өңірінде баға тұрақтылығы – өзекті мәселе. Яғни ерте шығатын көкөністердің құны қымбат, жергілікті жұрттың көпшілігіне бағасы қолжетімсіз. Нарықта көрші елдің өнімі кем дегенде екі есе арзан.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2022
Түркістанның іргесіндегі Кентау қаласының тұрғындары көптен күткен мәселе шешіліп, қалаға газ берілді. Қазіргі таңда көгілдір отынмен қаланың 18 200 абоненті қамтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Сегіз университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды.
Тарих • 06 Сәуір, 2022
Құнды мұралар музейге тапсырылды
Түркістанда ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару мақсатында өткен «Музейге сый» акциясы барысында ғалымдар мен тарихшылар, жанашыр қала тұрғындары 30-ға жуық құнды мұраларды музейге тапсырды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2022
Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Журналистер, Жазушылар одақтарының облыстық филиалдары және облыстық мәдениет басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Түркістанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2022
Түркістанда мәслихат хатшыларының республикалық кеңесі өтті
Түркістанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті.
Өнер • 29 Наурыз, 2022
Түркістанда қазақ халқының құнды этнографиялық мұраларын насихаттау мақсатында «Бабадан қалған бар мұра» тақырыбында көшпелі көрме көпшілікке ұсынылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған 80-нен аса жәдігер қойылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастырып отыр.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2022
Әкімнің ұйымдастыру қабілеті әлсіз бе?..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алатынын және көтеруге міндетті екенін айтып өтті. Халықты мазалап жүрген мәселелердің үлкен-кішісі болмас. Ауыл, аудандағы ағайынның жоғарыға жеткізгісі келетін мәселесі көп. Ал сол ауылдағы жағдайға облыс басшысының өзі куә болып, қарамағындағылардың қызметін әділ бағалағанының жөні бөлек. Айтайын дегеніміз, Келес ауданында қордаланған мәселелердің көп екені жөнінде еді.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Шымкент аспаздық орталыққа айналады
Шымкент жасыл желегімен ғана емес, дәмді тағамдарымен де танымал мегаполис. Екі мыңнан аса тамақтану орны бар қаланы еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде де танытуға мүмкіндік мол. Осы мақсатта ұйымдастырылған «ДәмДәсTour» жәрмеңкесінде қаланың 48 қоғамдық тамақтану орны өзара тәжірибе алмасып, өнімдерін көпшілікке ұсынды.