Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Мегаполис мүмкіндіктері: Шымкентте 282 инвестициялық жоба іске асырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ Президент кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керектігін міндеттеді. Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, жуырда 74 отбасы жалдамалы пәтерге ие болды. Олардың ішінде 39 отбасы – әлсіз топ санатындағы, 28 отбасы – көпбалалы және жетеуі  ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар санатындағы азаматтар.

Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Түркістанда Экобазар жұмысын бастады

Экобазар – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 15 Шілде, 2021

Жас маманға жұмыс жоқ...

Ата-аналарының айтқанынан шыға алмай, мамандық таңдау­да қателесетін жастар аз емес. Шымкент қалалық жастар ресурс­тық орталығының «Жас­тарға қызмет көрсету» бөлімі жұмыс­сыздық мәселесіне терең талдау мен зерт­теу жүргізіп отырады.

Тағайындау • 13 Шілде, 2021

Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаев Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңа басшысы Шаттық Утеевті қала активіне таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Ауыл әкімдігінен үміткерлер аз емес

Түркістан облысында 181 ауылдық округ болса, биылғы ауыл әкімдерін сайлау 63 ауылдық округтің 264 сайлау учаскесінде өткізілетін болады. Шілдеде алдымен 60 ауылдық округ тұрғындары өз таңдауын жасайды.

Аймақтар • 12 Шілде, 2021

Жұртты жұмылдырған жігіт

Ауылдың әңгімесі бүгінде негізінен шөп, малдың азығы жөнінде болып тұр. Шілденің шіліңгірінде шалғы ұстап, шөп шауып жүргендер көп.  Өзен мен көл, арықтардың жағасындағы қамыс та, шөл даладағы жантақ та, ылғал және жылу сүйетін жоңышқаңыз да биыл қат болғандықтан қадірі артып тұр.  Нығыздалған шөптің бір бумасын 1500 теңгеден саудалап жатқандар да аз емес. Маңғыстаудағы малды ауылдардың аянышты күйін естіп, түркістандықтардың намысын қайрай, қамыс оруға шыққан шымкенттік жігіт Құрмет Талапқазыны қолдаушылар қатары да бүгінде көбейген.

Әдебиет • 12 Шілде, 2021

«Теріскей толғаулары» жарыққа шықты

«Теріскей толғаулары» кітабы арнайы кәсіби музыкалық білім беретін оқу орындарына оқу құ­ралы ретінде, мәдени өнер ошақтарына музы­­калық-танымдық әдебиет ретінде ұсы­нылады.

Әлем • 08 Шілде, 2021

АҚШ елшісі: Түркістанның жаңаша дамуынан керемет әсер алдым

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Қос тарап кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салаларда, агроөнеркәсіптік секторда ынтымақтастықты дамыту, туризм мен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті.

Қазақстан • 07 Шілде, 2021

Дала өркениетінің технологиялық дамуын білдіретін жәдігерлер табылды

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайтынын, Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Коронавирус • 02 Шілде, 2021

Тез тарайтын штамм Шымкенттен де шықты

Маусымның соңғы күні эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «сары аймақта» болған Шымкент шілдені «қызыл» болып бастады. Өткен тәулікте үшінші мегаполисте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 143 жағдай тіркелген. Оның ішінде 46 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 97 адам үй бақылауына алынды.