Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021

Жаңа аудан құрылады

Түркістан облысында желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты. Олардың 38-і – ұл, 21-і – қыз. Жалпы, туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұрған өңірде өткен жылдың 11 айында халық саны 2 039,9 мың болып, алдыңғы жылдың тиісті кезеңінен 1,3%-ға артты.

Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Түркістанда олимпиадалық стандартқа сай спорттық кешен салынады

Түркістан қаласындағы әкімшілік - іскерлік орталығында спорттық кешендері бар ескек есу каналы салынады. Халықаралық талаптарға сай олимпиадалық орталық өңірде қолайлы микроклимат қалыптастырып, туризмді дамытуға сеп болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2020

Бірліктің ерен үлгісі

Тышқан жылғы мамыражай дерлік мамыр айының екінші таңы мақтааралдықтар үшін үрейлі де қорқынышты сәттерімен есте қалды. Абдырап қалған ағайын, аман қалудың амалы, баласын бауырына баса қауіпсіз жер іздеген ана, қорадағы малға алаңдаған отағасы... «Сол апатты күнді еске алсам, әлі күнге дейін денем түршігіп, үрейлі күй кешемін. Үйіміз құлап, қөрпе-төсек, киім-кешек су астында қалды...

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2020

Күш атасына арнап кешен салынады

«Батыс Еуропа – Батыс-Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы Ордабасы ауданының орталығы Темірланға кем дегенде әлемнің 54 мемлекетінен туристердің келуіне бір себеп бар. Қандай себеп дерсіз?

Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне 7,8 млрд теңге үстемеақы төленді

Түркістан облысы бойынша инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 14,2%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі – 16%.  Инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Облыс бойынша 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған.

Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Түркістанда Германия, Бельгия елдерінен әкелінген көшеттер егіледі

Түркістан қаласындағы 7 қабатты 10 тұрғын үйдің төбесі балаларға арналған ойын алаңына айналады. Бұл жоба арнайы мемлекеттік сараптамадан өтіп, мақұлданған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ойын алаңшаларының ең сапалы құрылыс материалдарынан салынып, қауіпсіздіктің қатаң сақталуын міндеттеді.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында карантин шаралары күшейтіледі

Түркістан облысында алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына тыйым салынып, өңірде жаппай рейдтік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында сайлау науқанына дайындық басталды

Түркістан облысында 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау шарасына дайындық жұмысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында жаңа жүйе ауыл әкімдерінің рейтингісін түзеді

Ордабасы ауданында ашылған "Халықтық кеңсе" жаңа жүйемен жұмыс жүргізбек. Кеңсенің ашылуында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков "AIKEY" жүйесі тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді бағдарлама арқылы тиісті бөлімдерге жолдап, мерзімін белгілейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұр

Түркістан облысында қаңтар – қараша айының қорытындысы бойынша 548,4 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 4356 пәтер пайдалануға берілді. Осылайша тұрғын үйді іске қосудың жылдық жоспары артығымен орындалып, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы толық іске асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz