Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Медицина • 12 Ақпан, 2021

Аты жаман аурудың алдын алу маңызды

Бүкіл әлемдегідей дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күнін атап өткен елімізде жыл сайын 30 мың адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады екен. Деректерге жүгінсек, өңірде онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі, өкпе, асқазан, жатыр мойны және тоқішек қатерлі ісіктері алдыңғы орында тұр. Бүгінде отандық медицина ауруды ерте сатысында анықтауға, науқастардың өмір жасын ұзартуға күш салуда.

Руханият • 12 Ақпан, 2021

Депутаттар қайырымдылық жасады

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының депутаты Мұхтар Әбдімәлік әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына азық-түлік таратуға демеушілік жасады. Ата-бабамыздан қалған асыл қасиеттердің бірі – қайырымдылық қағидаттары әлемді шарпыған аты жаман індетпен күрес, аурудың алдын алу кезеңінде жарқын көрініс тапты. Туған жеріне жанашыр, жаны жомарт жандар көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп келеді. Көмектер қаржылай және азық-түліктей көрсетіліп, атымтай азаматтар елдің алғысын алуда. Жастардың да бұл игі істе белсенділік танытып жүргені қуантады.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Түркістан облысында «Жастар жырлайды» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданында жергілікті жас ақындар асыға күткен «Жастар жырлайды» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Саясат • 11 Ақпан, 2021

Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында бірқатар шенеунікке сөгіс жарияланып, тәртіптік шара қолданылды. Оған себеп те жоқ емес еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлердегі кемшіліктерді атап, бірқатар сын-ескерту айтқан болатын. Айтылған мәселелер аппарат отырысында ортаға салынып,  жауапты сала басшылары есеп берді.  

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Сарыағаш ауданына 100 мың турист келеді деп жоспарлануда

Шипалы суымен танымал Сарыағаш шипажайына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын арта түсуде. Биыл ауданға 100 мың турист келеді деп жоспарлануда. Осы бағытты дамыту мақсатында жалпы құны 430 млн теңге болатын үш нысан іске қосылады. Сондай-ақ 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Түркістанда отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі

Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев отандық, жергілікті құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды. Құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Түркістанда «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 08 Ақпан, 2021

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері екпе салдырды

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағайындау • 08 Ақпан, 2021

Түркістан облысындағы Төлеби ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі болып Төлеген Тұртайұлы Телғараев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағайындау • 08 Ақпан, 2021

Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімі болып Арман Айдарұлы Абдуллаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz