Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Оңтүстік Қазақстан • 21 Қаңтар, 2021

Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өткен жылы 97 қылмысты анықтаған. Оның 72-сі сыбайлас жемқорлық қылмысы, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ерте өнім беретін қырыққабат дақылы 10 гектардан астам жерге отырғызылған. Қаңтардың жауын-шашынына қарамастан "Сабыр" шаруа қожалығы иелігіндегі 12,2 гектар жердің 3 гектарына қырыққабат егуде. Алқапта 60 адамнан құралған бригада жұмыс істеуде.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда

Түркістан облысында медициналық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 78,5 млрд теңгеге 7 жаңа нысан салынуда. Өңірде күрделі жөндеуден өткен 8 емдеу нысанның алтауы пайдалануға берілген.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған арнайы жұмыс тобы машина жасау саласына инвестиция тарту мақсатында Ресей Федерациясының Челябі облысына жұмыс сапарымен барып, "Урал" автомобиль зауытының өндірістік нысандарымен танысты.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Түркістанда коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталады

Түркістан облысында пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты өңірде 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Ақысыз түрде жүргізілетін вакцина алдымен медицина қызметкерлеріне салынатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылған

Бүгінде Түркістан облысында күн жылы, таулы аудандарда ғана «қыстың сәнін» келтіріп қар жатыр. Ал қыс басталғалы бері жалпы 7 республикалық, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының жабылу оқиғалары орын алып, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 21 техника жұмылдырылған. Қар құрсауынан 5 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Түркістанда жылына 1 млн тұрмыстық техника шығарылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкхуджаевпен кездесуінде Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын ашу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Жас дарындар фестивалі

Құрманғазының «Адайы», күйсандықта шебер орындалған Шопеннің шығармасы киелі Түркістан аспанында қалықтады. Ұстаздар мен мектеп оқушылары халық аспаптар оркестрінің орындауындағы күйлер, күйсандыққа жан бітірген тоғызыншы сынып оқушысы Шұғыла Әбілқасының шеберлігі көпшілікті тәнті етті. Қазылар алқасының мүшесі, «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің өнері де көрермен көңілін көтерді.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында COVID-19 расталған 117 жағдай тіркелген

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері, яғни 1-12 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 117 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде симптомдармен – 27,  симптомсыз 90 жағдай тіркеліп, пневмония  ауруымен 57 науқас анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Қазақстан • 12 Қаңтар, 2021

Түркістанда «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстары басталды

Пандемия салдарынан орын алған үзілістен кейін командалық спорт сайысы Түркістан қаласында бастау алды. Төрт команда бақ сынайтын іріктеу тур төрт күнге жалғасады. Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz