Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020

Сарыағашта жаңа жатақхана пайдалануға берілді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Арыстанбаб" жоғары колледжінің студенттеріне арналған 100 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020

Жетісайда мақта терім науқаны басталды

Түркістан облысы Жетісай ауданы Талапты ауылында "Алтын" шаруа қожалығы өз иелігіндегі 15 гектар аумақтың 5 гектарынан арнайы терім машинасымен 11 тоннадай мақта жинады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2020

Түркістанда "Нұрлы жол" бағдарламасымен 180 шақырым айналма жолдар салынады

Түркістан облысында 2020-2025 жылдар аралығында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 180 шақырым жаңа айналма жолдардың құрылысы жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылады

Түркістан қаласында жаңадан пайдалануға берілген музыка мектебінің алдына вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев "Ақжайық" музыкалық мектебіне барған сапарында, сондай-ақ өнер ордасының материалдық-техникалық базасын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Алексей Цой Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты

Түркістанда 630 орындық көпсалалы облыстық аурухана салынуда. Жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері қарастырылған. 1500-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда нысанның іргетасы құйылуда. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Қазығұртта 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында  "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" шеңберінде 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 471 070 мың теңге қаралған. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 118 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Түлкібас ауданында 5064 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көп жылдан бері қордаланған ағынды су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұл орайда  2022 жылға дейін аудан аумағындағы 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7015 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Түркістанда Германиядан әкелінген қазандықтар орнатылуда

Облыс орталығы Түркістанда қала әкімінің қадағалауымен жылу қазандығын сұйық отын түріне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Күні кеше "Жылу" мекемесіне барған халықтық топ мүшелері көпқабатты үйлердің жылу маусымына дайындығы бойынша ақпарат алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Бір тәулікте 944 түркістандық коронавирусқа тест тапсырды

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынды. Тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Түркістан облысында 51 954 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

Олардың 40 пайызы, яғни 20 844 оқушы ата-анасының өтінішімен кезекші топтарда білім ала бастады. Білім ұяларында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.  Штаттық режимде жұмыс істеуге кіріскен мектептердің дайындығы толықтай тексеруден өткен.