Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Медицина • 17 Тамыз, 2020

Провизорлық орындар екі есеге қысқарды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі ахуалмен танысты. Вице-министр облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге халыққа көмек көрсетіп жатқан бірнеше медициналық нысанды аралап, дәрігерлермен кездесті.

Сұхбат • 13 Тамыз, 2020

Болатбек Абдрасилов: Сығанақ – тамырлы тарихымыздың символы

Бес жыл бұрын еліміз Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын жалпыұлт­тық деңгейде тойлап өткені баршамызға аян. Биыл сол ұлы хандығымызға 555 жыл толып отыр. 1465 жылы құрылған тәуелсіз Қазақ хандығының 120 жыл бойы елордасы Сығанақ болғаны белгілі. Қазақ хандығының жауһары, Ұлы Жібек жолының негізгі саяси әрі сауда орталығы болған – Сығанақтың сырлары бүгінгі таңда толық ашылған жоқ. 555 жыл бұрын тігілген Тудың тұғырын биіктетіп, қазақ халқының ұлы мұрасы – Сығанақты тарихтағы өз орнына қондыру сала ғалымдарының міндеті әрі парызы екені анық. Бұл тұрғыда, бабалар мирасын жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің археолог ғалымдары Сығанақты зерттеуде елеулі еңбек атқарып келеді. Осынау мерейлі дата қарсаңында Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, академик Болатбек Абдрасиловпен сұхбаттасып, қазақ хандығының екі рет астанасы болған Сығанақ қаласының тарихы және ХҚТУ-дың Сығанақ қаласында 17 жылдан бері жүргізіп келе жатқан зерттеу және архелогиялық қазба жұмыстары жөнінде сұрап білген едік.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Түркістан – жігерлі жеңімпаздар мекені

Зымырап өтіп жатқан шіркін уақыт.  Кеше ғана, яғни 2018 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың №702 тарихи Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына және қасиетті қала Түркістанның өңір орталығына айналғанына да екі жылдан асыпты.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Абайдың қара сөздерінен нәр алған ауыл

Қазақстандықтар биыл Абай күнін алғаш рет  атап өтті. Күнтізбеге енген жаңа мерекені әр аймақ өзінше тойлап, Ұлы ақынға деген құрметтерін білдіруде. Ал, Түркістан облысындағы ежелден-ақ мәдениетке, рухани құндылық пен жәдігерге бай киелі Сайрам ауданы бұл атаулы датаны ерекше қарсы алды. Қашанда жаңашылдыққа ұмтылып, ең көрікті көше, ең үлгілі аула секілді жарыстарды ұйымдастыруға жаны құмар, өзгелерге береке-бірлігімен үлгі болған Қарамұрт ауылының тұрғындары бұл жолы да тың бастаманы қолға алды, - деп жазады Egemen.kz

Оңтүстік Қазақстан • 04 Тамыз, 2020

Түркістанда карантин талаптарын бұзғандарға 42 млн теңге айыппұл салынды

Түркістанда карантин талаптарын бұзғандарға 42 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 04 Тамыз, 2020

Аналарды ардақтаған аудан

Тұңғышы алғашқы мүшел жаста, кішкентайы өткен жылы дүние есігін ашқан 8 баланың анасы күні кешеге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. «Пәтерден пәтерге ауысып, шиеттей 8 баламен қатты қиналдық. Күйеуімнің бір өзі жұмыс істеген­діктен күн көрісіміз де мәз емес еді. Демеушілер тауып, Шардара қаласынан баспана берген аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мыр­заға алғысым шексіз», дейді көп балалы ана Регина Сүйеуова. Он баланың анасы Гүлбаһар Әбді­халыққызының да айтар алғысы шексіз. Тізе берсек облыс, аудан әкіміне, жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілерге ризашылығын білдіруші аналар аз емес.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады

Ел аумағында карантин енгізілгелі дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер саны азая бастаған. Сондықтан, карантин талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл туралы баспасөз мәслихатында дәрігерлер айтып өтті.

Аймақтар • 30 Шілде, 2020

Түркістандық кәсіпкерлер ауруханаларға қажетті құрылғыларды тарту етті

Коронавирус індетімен халқымыз жұмыла күресіп, қайырымды жандар қолдан келген көмектерін аямауда. Мысалы, Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің 1999 жылы бітірген түлектері "Шұғыла" қоры арқылы орталық ауруханаға 13 оттегі концентраторын сыйға тарту етті. Жасанды тыныс алу аппараттарын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қабылдап алып, орталық аурухана бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыс етті, - деп жазады Egemen.kz

Руханият • 30 Шілде, 2020

Кесене күмбезі тарихи келбеті сақталып, қайта қалпына келтірілді

Түбі бір түркі жұртының рухани орталығы – Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарды қайта жаңғырту, зерттеу және туристік орталыққа айналдыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің үш жылдық даму жоспары жүзеге асып жатқаны белгілі.

Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Түркістан облысында заңбұзушылық жер қатынастары саласында көп

Түркістан облысында Әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша тәртіптік істер биылдың І-жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50%-ға азайған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу дейгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға кеміген, - деп хабарлайды Egemen.kz