Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Түркістанда туризмді дамытуда озық тәжірибелер қолданылады

Киелі Түркістан шаһарына саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралап, гид пен аудиогид көмегіме жүгіну, этно және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхат кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер шоуы, ыстық тандыр нан мен саумал ішіп, күн батқанда түйелер керуенін тамашалау және көшпенділер шоуы, қобыз үнінің сүйемелдеуімен кештер көріністері ұсынылады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Мақтаарал: Су шайған әлеуметтік нысандар не болмақ?

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Яғни Фирдоуси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық бала-бақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Түркістан: Полицияға қабылдаудың талаптары түсіндірілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы азаматтарды қабылдап, олардың талап-тілектерін, өтініштерін, мәселелерін қарауды үзген емес.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Кентауда індет жұқтырған ана дені сау сәбиді дүниеге әкелді

Түркістан облысы, Кентау қаласының COVID-19 инфекциясын жұқтырған 23 жастағы тұрғыны 27 мамырда қалалық жұқпалы аурулар аураханасына жатқызылған. Айы-күні жетіп, толғағы жеткен әйелдің жатыр тыртығынан қан кету қауіптілігіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде ота жасайды.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

«Аяла» қайырымдылық қоры мақтааралдық балаларды қуантты

Түркістан облысының әкімдігінен Мақтаарал ауданынан балалардың Қапшағайға келгенін және оларға киім керек екенін білген «Аяла» қайырымдылық қорының басшылығы әр баланың жасын, бойын және дене өлшемін ескере отырып, 251 жинақтама жасапты.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Түркістан: Мұғалімдер міндетіне кірмейтін жұмысқа тартылмайды

Түркістан облысының мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында қағазбастылықтан арылып, кәсіптік міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартылмайды. Егер де ондай жағдай орын алса, мектеп басшылығы жауапкершілікке тартылады.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Өргебаста үйлер салына бастады

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты  Өргебас ауылында алғашқы үйдің қабырғасы қаланып,  үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Мақтааралға Оралдан 12 тонна гуманитарлық көмек келді

Мақтаарал ауданына Батыс Қазақстан облысынан 12 тонна гуманитарлық көмек  келіп жетті. Көмек керуеніне азық-түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген.

Тарих • 29 Мамыр, 2020

Ел тарихындағы ең қайғылы кезең кешенді зерттеуді қажет етеді

Зобалаң жылдары 3-4 жастағы және емізулі тағы бір қызын арқалаған әйел Қызылордадағы базарда қайыр сұрап жүреді екен. Ашаршылықтан екеуін бірдей құтқара алмасын сезген бейшара ана қыздың үлкенін тастап кетпек болған. Басындағы әдемі орамалын қызының басына байлап, базар ішіндегі қалтарыста адастырып кетеді. Қыз «апалап» әрі-бері жүгіріп, шаршаған соң отыра қалып жылайды. Жылап отырып «апатайым-ау, мына әй-әй орамалды бөпенің басына байласаңызшы, ол жаурайды ғой», дегенін естіген жанның жүрегі қан жылайды.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Түркістан: Мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады

Түркістан облысы Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамасыз етілген отбасыға баспана сыйлап, игі іске ұйытқы болып отыр.