Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
250 материал табылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 14 Қыркүйек, 2024

Бұйырғаны – көп күміс

Күрес түрлерінен өткен тартысты кездесулер Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының көрігін қыздырды. Қазақ күресінен бастап, түрік халқының – «ашыртмалы аба гюреш», өзбек ағайындардың – «кураш», қырғыз бауырлардың – «алыш», татар халқының «көрәш» мұрасы бірінен-бірі қалыспайды.

Бизнес • 13 Қыркүйек, 2024

Қайтарымсыз грант кәсіпке сеп

Ойда жүрген бизнес-жобасын мемлекеттен қайтарымсыз грант алып үйлестірген кәсіпкер көп. Бұл қатарда қала тұрғындарынан ауылдықтардың үлесі басым болғаны қуантады. Биыл жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 8 941 грант берілсе, оның ішінде 5 769 грант ауыл тұрғындарына тиген.

Спорт • 13 Қыркүйек, 2024

Ордо мен овариден де жүлде бар

Кеше ордо спортының топтық кезеңінде өнер көрсеткен құрама үздіктері жарысты сәтті бастады. Спорттың бұл түрі қырғыз халқының асықпен ойнайтын ұлттық ойыны саналады. Әр команданың құрамында 8 ойыншыдан болады. Ойын ерлер арасында тегіс жерде өтеді. Мұнда шеңбердің диаметрі 12 метр болса, ойыншылар асықты сол шеңберден шығаруға тиіс. Ойынның ұзақтығы 2 сағатқа дейін созылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 13 Қыркүйек, 2024

Қоржында – 2 алтын

Дүниежүзілік көшпелілер ойынында спортшылар Теңге ілудің «Бесбелес», «Қос құлаш», «Жеті құт» деп аталатын түрінен өзара мықтыны анықтады. Ептілер бәсекесі «Қазанат» ипподромының ма­ңындағы этноауылда ұзындығы 150 метр, ені 20 метр болатын ар­­найы жабдықталған алаңда өтті.

Елорда • 12 Қыркүйек, 2024

Астана жұрты судан тарықпайды

Былтыр көктемде елордада судың қысымы төмендеді. Қалаға тиісті суды тәулік бойы тасымалдауға сорғы-сүзгі стансалардың әлеуеті жетпеді. Жағдайды мезгілінен бұрын ескермеген жергілікті әкімдік келеңсіздікті урбанизациямен, тұрғын үйлердің көбейгенімен байланыстырды. Күзде қысым реттелгенімен, суды бірнеше ай белгілі уақытпен алып үйреніп қалған жұрттың күмәні біразға дейін сейілмеді. Абырой болғанда биыл қалада жоспардағы тағы бір сорғы-сүзгі станса іске қосылған соң, былтырғы тосын жағдай қайталанбады. Біз судың қысымы келер жылы, арғы жылы қалай болар екен деген сауалмен «Астана су арнасының» жаңадан салынған №3сорғы-сүзгі стансасынан хабар алған едік.

Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024

Отбасылық кәсіптің орайын тапқан

Біріне бірі жақын, жанашыр, сыйлы жандардың дүниеге көзқарасы, арманы, ұстанымы ұштасса, мақсат-мұратына оңай жетеді. Біздің кейіпкеріміз Нұрлан мен Алтынай отбасымен бірге біраз жыл қалада тұрғанымен ауылға барып, отбасылық кәсібін дөңгелетуді ұзақ ойластырған. Ұлы ержетіп, қыздары бойжеткенде қаладағы қым-қуыт тіршіліктен алыстап, отбасылық кәсіпті әуелі қораны малға толтырудан бастаған.

Білім • 06 Қыркүйек, 2024

Оқушы режімі – саулық кепілі

Биыл оқу жылында 4 мил­лионға жуық оқушы мектепке барды. Буыны қатайып келе жатқан балалардың күн тәртібі жазғы демалыстан кейін қайта жаңарып, оқушы соған бейімделе бастайды. Дәл осы шақта ата-аналар баланың дұрыс жетілуін ойласа, кейбір артық нәрселерден тыйып, сабаққа зейінін аударғаны абзал.

Спорт • 05 Қыркүйек, 2024

Жарыстар күнделігі: Боксшылар бес медаль жеңіп алды

Сербияның Суботица қаласында бокс­тан халықаралық турнир аяқталды. Жастар арасындағы жарыста ел намысын қорғаған спортшылар бес медаль жеңіп алды.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2024

400 орын резервте тұр

Жоғары оқу орнының міндеті – студенттерге сапалы білім беру болған соң, олар жастардың алаңсыз білім алуы үшін жайлы жағдай жасауды ойластырады. Оқу жылының басында Астана медицина университеті де студенттерін жаңа, жайлы жатақханамен қамтыды.

Қоғам • 29 Тамыз, 2024

Пайдалы платформа

Заманның ағымына қарай интернет платформалар арқылы жұмыс істеп, тәп-тәуір табыс табатын ел азаматтары көбейіп келеді. Бірі осы шаруасын негізгі кіріс көзі ретінде көрсе, екіншісі қосымша табыс көзі ретінде қарайды. Бастысы, интернет платформаларда жұмыс істейтін жұмысшылар еңбегіне қарай табыс тауып, халықтың да көңілінен шығып отыр.