Әскер • 09 Сәуір, 2024
Еліміздің Қарулы күштерінде «Алтын Жебе-2024» бөлімшелері кешенді тексеруден өтті. Басты мақсат – жауынгерлердің әзірлігін, кез келген тапсырманы белгіленген мерзімде орындауын, қарым-қабілетін тексеру. Сондай-ақ барлық санаттағы әскеридің далалық білімі мен кәсіптік даярлық деңгейін жетілдіру.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясы волонтерлері тасқын судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жолдады. Этно-мәдени орталықтары атынан Қарағанды мен Ақмола облысына жол тартқан үш көлікке 10 мың тонна жүк тиелген. Ішінде азық-түлік пен киім, жеке тазалық бұйымдары мен төсек-жамылғылары бар.
Волонтер • 04 Сәуір, 2024
Өңірлер су тасқынының зардабын әлі де кешіп отыр. Еліміз көлемінде зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жан-жақтан жиналып жатыр. Бірлікте тірлік қылғандардың қатарында ақтаулық ерікті жастар да бар. Олар жылы киім мен азық-түлік, төсек-орын жеткізуге жұмылған.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Астанада «Tarikh talks» жобасы аясында журналист, режиссер және продюсер Майя Бекбаева мен тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен кездесу өтті. Президенттік орталықта ұйымдастырылған жүздесуде тарихи зерттеулер жайында дәріс оқылып, «Сұлтан Бейбарыс» деректі фильмі көрсетілді.
Волонтер • 01 Сәуір, 2024
Волонтерлердің белсенді жұмысы
Елдегі су тасқыны біраз аймақты әбігерге салды. Төтенше жағдайлар министрлігі тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Десек те мәселе ырық бермей тұр. Тіпті мамандар республикадағы 220-ға жуық елді мекенді су басуы мүмкін деп отыр. Қарғын судан келген осынау қарбаласта волонтерлер де тасада қалмады.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
«Amanat» партиясының өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қарғын судан зардап шеккен отандастарымызға қол ұшын созып, көп болып көмек көрсетіп жатыр.
Мәселе • 28 Наурыз, 2024
Құмар ойын құрдымға құлатпасын
Енді азаматтар өз-өздеріне құмар ойындарға қатысу мен бәс тігуге шектеу қоя алады. Ол үшін өтінішті «eGov» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде беру керек. Осылайша, цифрлы формат көмегімен кез келген отандасымыз, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер 6 айдан 1 жылға дейін шектеу орнатып, букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан уақытша айырылады.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Ақмола облысында уақытша жұмыссыз жастардың санын азайтуға бағытталған семинар ұйымдастырылды. Төрт күндік семинар барысында NEET санатындағы 200 жасқа кәсіпкерлік дағдылар үйретілді.
«Таза Қазақстан» • 27 Наурыз, 2024
Наурызнаманың Жаңару күнінде елордалық жастар шаһардағы аулаларды қардан тазартты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері бастамасымен ұйымдастырылған науқанға өзге де ұйымдар қосылды.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
TikTok желісінде #Наурыз2024 онлайн-фестивалі басталды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға арналған хэштег арқылы отандастарымыз еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше мерекелік сәттермен бөлісе алады. Ең үздік бейнематериалдардың авторларына бағалы сыйлықтар беріледі.