Оқиға • 19 Шілде, 2024
Бес айда елімізде 8 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 767 азамат мерт болды. 10 190 адам зардап шекті. Бұл былтырмен салыстырғанда, 85 пайызға жоғары. Жалпы, республикада көлік жүргізушінің де, жаяу жүргіншінің де жол тәртібі төмен. Оған әсер ететін фактор да сан қилы. Күрмеулі проблема Бас прокуратурада өткен Жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында талқыланды.
Балалар • 19 Шілде, 2024
Бала қауіпсіздігі бағдарламасы
Елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арнайы көмек бағдарламасы енгізіліп жатыр. Мақсат – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға уақтылы жәрдем беру. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырады.
Қоғам • 19 Шілде, 2024
Цифрландыру үдерісі: Түзеу мекемелеріндегі жағдай қалай?
Бүгінде түзету мекемесіндегі тәртіпті сақтау мен қадағалау мақсатында 38 мыңнан аса бейнекамера орнатылды. Осының нәтижесінде 47 суицидтің және 4 қашу әрекетінің жолы кесілді. Сондай-ақ 9 жанжалдың топтық төбелеске ұласуына жол берілмеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.
Әлем • 18 Шілде, 2024
Орташа өмір сүру жасы 75-тен асты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамасын тыңдап, ведомствоның жұмысы мен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.
Әлем • 18 Шілде, 2024
Цифрлық валюта әзірлеуге күш біріктірмек
Қазақстан мен Қытайдың ұлттық банктері цифрлық валюталарды дамыту бойынша бірлескен іс-қимылдардың басталғанын ресми түрде жариялады.
Әлем • 18 Шілде, 2024
Астанада өткен саммиттен соң ШЫҰ-ның 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы бекітілді.
Саясат • 18 Шілде, 2024
Креативті хабтың құтты шаңырағы
Елордада алғашқы ірі креативті хаб өз жұмысын бастады. Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылды. Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында бұл сала еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенім білдірген еді.
Қазақстан • 18 Шілде, 2024
Биыл бірінші жартыжылдықта елдегі қылмыс 4,9%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде өткен кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Жиынға аумақтық және оларға теңестірілген департаменттердің басшылары, орталық аппарат пен аумақтық органдардың жеке құрамы қатысты.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Қазір қоғамда баласынан безген әйел де, еркек те көп. Мәселен, Әділет министрлігі берген ақпарға көз салсақ, бүгінде елде алимент төлемей жүргендер саны 300 мыңға жуықтаған. Кейбір көкек әкелер мен безбүйрек аналардың перзенттеріне берешегі 13 млрд теңгеден асып жығылады. Негізі жыл басында борышкерлердің қарызы 20,7 млрд теңгені құраған еді. Құзырлы органдардың табанды әрекетімен сома 35 пайызға дейін төмендеді. Сонда бауыр еті баласына көк тиын татырмай жүргендерді тек титықтатып жүріп төлету керек пе? Сарапқа салдық.
Қазақстан • 16 Шілде, 2024
Бүгінде саяси реформалар адам құқықтарын қорғауға, демократия өрісін кеңейтуге бағытталған. Әсіресе отандастарымыздың түйінді шешімдерді қабылдауға қатысуы, есеп беретін Үкімет пен ашықтық қағидаты, халықаралық міндеттемелерге сәйкес құқықтық жүйенің қалыптасуы – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.