Сұхбат • 06 Сәуір, 2023
Мемлекет жастардың дамуына қамқорлық жасайды
Жастар саясаты – мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Қолға алынған әр бастамада олардың табыс деңгейін көтеру, несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен білім алу мүмкіндігін кеңейту көзделген. Әрине, мұның барлығын тиімді жүзеге асыру көбіне жан-жақты ойластырылған бағдарламаға, заңнамалық құжатқа тікелей байланысты. Қоғамның қозғаушы күштеріне арналған еліміздің бүгінгі стратегиялық бағыты туралы Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурсы орталығы» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин өз ой-пікірін ортаға салған еді.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Дауыс беру барысында кей үміткерлердің аты-жөнін сызып тастаған сайлау бюллетеньдері де кездесіп жатты. Бұл сайлаушылар арасында аздаған түсінбестік туғызды. Тіпті Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде бес кандидаттың аты-жөні қолмен сызылғаны расталды. Сайлаушылардың алаңдауына орай пікір білдірген Орталық сайлау комиссиясы өкілдері мұның заң бұзушылық емес екенін айтты.
Президент • 08 Наурыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Мейірім әйелдерден бастау алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, салтанатты жиында сөз сөйледі.
Сайлау • 08 Наурыз, 2023
Теледебатқа қатысушылар тізімі бекітілді
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда 16 наурызда өтетін теледебаттың жай-жапсары талқыланды. Жиында «Хабар» телеарнасы саяси партиялардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін әзірлегені айтылды. Соған сәйкес теледебат үш раундта өткізілмекші. Отырыста комиссия мүшелері пікірсайысқа қатысатын партия өкілдерінің тізімін бекітті.
Сайлау • 02 Наурыз, 2023
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров және комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина инспекциялық сапармен Павлодар облысы мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссияларына барды.