Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
1468 материал табылды

Технология • 04 Наурыз, 2024

Халықаралық хаб

Дубайда отандық стар­таптарға қолдау көрсететін IT-хаб ашылды. Qaz Step Innovation Hub IT-жо­баларға өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға, өнді­рісін алға жылжытуға жәр­дем­деседі.

Ғылым • 29 Ақпан, 2024

Күкіртті цемент

Utebayev university ғалымдары «Техникалық күкірт негі­зін­де тұтастырғыш материал алу» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шық­қан техникалық қалдық күкірттен экономикалық және эколо­гия­лық тұрғыда тиімді күкіртті цемент алынады.

Білім • 27 Ақпан, 2024

Бірлескен инжиниринг институтының аяқ алысы

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылған еді. Аталған оқу орны жасыл сутегін өндіретін зауытқа инженерлер даярламақ.

Ғылым • 22 Ақпан, 2024

Қатерлі дертке қарсы вакцина

Әлемде орташа есеппен 10 адамның 9-ы ұйқы безінің қатерлі дертімен қай­тыс болады екен. Бұл статистика 60 жылдың ішінде өзгере қойған жоқ. Ал ға­лым­дар жасап, сынақтан өт­кізіп жатқан мРНҚ вакцинасы операциядан кейін ісіктердің қайта дамуына жол бермеген. Осылайша қатерлі ісікке қарсы вакцина ерте сынақ кезеңінде алғаш рет оң нәтиже көрсе­те бастады.

Қазақстан • 19 Ақпан, 2024

Цифрлық әлеует

Еліміздің цифрлық сала­дағы жұмысы жыл сайын жақсарып келеді. 2022 жылы IMD цифрлық бәсе­кеге қабі­леттіліктің әлем­дік рейтингінде еліміз 64 мем­лекеттің арасында 36-орынды иеленсе, былтыр екі сатыға көтеріліп 34-орынға шықты.

Білім • 15 Ақпан, 2024

Сапалы білім – сапалы адами капитал

Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің кеңейтілген бірлескен алқа отырысы өтті. Алқаның арқалаған жүгі – білім беру сапасын жақсартып, саланы ілгерілету үшін не істеу керек және бұған дейін не істелді деген сұрақ. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады.

Ғылым • 12 Ақпан, 2024

Академияның бағыты айқын

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Назарбаев университетінде еліміздің жетекші ғалымдарымен, Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелерімен, Астана қаласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесті. Жиында отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Технология • 06 Ақпан, 2024

IT қауымдастықтың қолдауы

«Digital Almaty 2024» форумы алаңында «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қоры мен «Astana Hub» халық­аралық технопаркінің IT қа­уым­дастығы өзара ын­ты­мақ­­тастық туралы мемо­ран­думға қол қойды. Келісім­нің негізгі мақсаты – мұқтаж жан­дарға қайырымдылық көмек көрсету бағытындағы күш-жігерді нығайту.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2024

Біліктіліктің бірлескен жобасы

Назарбаев университеттің Жоғары білім беру мектебі Финляндияның үздік, жетекші университеттері – HAMK және JAMK қолданбалы ғылымдар университеттерімен бірлесіп, «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» атты жобаны іске қосты.

Кітапхана • 22 Қаңтар, 2024

Цифрлық кітапхана

Еліміздегі мектептерде кітапхана қорының толық циклдерін қамтамасыз ететін «Qazaq mura» жүйесі іске қосылды. Бірегей жоба оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.