Қаржы • 09 Мамыр, 2023
Ертеңнен бастап елімізде Отбасы банктің «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталады.
Қоғам • 06 Мамыр, 2023
Мүгедектерге арналған теміржол билеті
Жолға шығу үшін кассаға арнайы келіп, ұзын-сонар кезекке тұратын күндер біртіндеп келмеске кетіп барады. Негізі бүл үдерістің біздің өмірімізге енгеніне де біршама жылдың жүзі өтті. Ел цифрлы технологияның дәл осындай жетістігін сәтті пайдаланып келеді. Енді мүгедектігі бар жандар үшін де мұндай тиімді мүмкіндік қолжетімді бола бастады.
Балалар • 04 Мамыр, 2023
Күн тәртібінде – балалар қауіпсіздігі
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте білім беру нысандарының қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзу әрекеттерінің алдын алу мәселелері талқыланды.
Пікір • 30 Сәуір, 2023
Қарадан-қарап қалтамызға қара бақыр да құтаймады деп налитынымыз бар. Неліктен? Өйткені қай мағынасында қабылдамасаңыз да, біздің қалтамыз – «тесік». Ал тесік қалтаға теңге тұра ма?
Экономика • 10 Сәуір, 2023
Қазақстан – Әзербайжан: Тауар айналымы 461 млн доллардан асты
Әзербайжан астанасы Баку қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 19-отырысы ашылды.
Пікір • 06 Сәуір, 2023
Дәл қазір қымбатшылық «темасы» қазанда шыжғырылған майдай қызып-ақ тұр. Барған жерде баға айтылмаса, бас ауыратын болды. «Қос бүйірден қысқан қымбатшылық» деп бастамасаң, әңгімең де шоқалақтап әріге баспайды. Құрығырдан қашып құтыла алмай қалдық қой... Қызылкеңірдек болып жатқан жиналыста да, құж-құж қайнаған автобуста да, дүкеннің кезегінде де, тер моншақтаған моншада да, үйдің кіреберісінде де, астың үстінде де айтылып жатқаны – осы әңгіме. Жарасқан ағам жазғандай, «Теледидарды ашып қалсаң да.., радионы басып қалсаң да.., журналдарды парақтасаң да.., газеттерді қарап қалсаң да... сопаң етіп сол жарықтық шыға келеді...
Шаруашылық • 04 Сәуір, 2023
Күн қызып, әне-міне дегенше дала төсінде қызу еңбектің қазаны қайнағалы тұр. «Жылда арманда қалатын» диқан қауымның биылғы үміті ақтала ма?» «Сындарлы науқан өз деңгейінде өте ме?» деген сауалдардың жауабын осы саланың жілік майын шағып, зерттеп-зерделеп жүрген сарапшы Алмасбек Садырбай мырзадан төмендегідей жауаптар алдық.
Саясат • 29 Наурыз, 2023
Екі елдің өзара тиімді әріптестігі
Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізге алғаш рет сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы, 20-шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Экономика • 05 Наурыз, 2023
Жаңа компания өзара сауданы жандандырады
Жуырда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту үшін «УзКазТрейд» ЖШҚ сыртқы сауда компаниясы құрылды. Экспорттық-импорттық кәсіпорынның құрылтайшылары – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «УзТрейд» АҚ.
Пікір • 20 Ақпан, 2023
Не заңдылығы бар екенін қайдам, әйтеуір әр жыл сайын көкөністің бір түрі «хитке» айналып тұрады. Қайбір жылдары, анау ковидпен күрескен карантиннің тұсында зімбірдің бағасы зеңбіректің оғындай зіркілдеп, ем таппай қиналған талай жұртты зар илетіп, зарықтырып еді. Содан соң сәбіздің «саудасы» жүрді. Сол кездерде сәт сайын өскен баға сегіз жүз теңгенің үстіне бір-ақ секірді деп улап-шуладық. Көп ұзамай картоп кетті... Аграрлы ел картоп таппай абдырады. Алыстағы Мысыр мен Пәкістанға амалсыздан алақан жаюға мәжбүр болдық. Ала баған асып келген астың арзан бағамен саудаланатындығын армандамай-ақ қойсақ болғандай еді, сонда... Қырыққабаттың да қыр көрсетіп қоятын «қыңырлығы» барын былтыр байқадық емес пе? Сонымен биылғы қоян жылының «хиты» – пияз.