
Архив • 20 Қазан, 2023
Қонаев құжаттары Президент Архивіне тапсырылды
Күрделі кезеңде Қазақстанды басқарған тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың жеке құжаттары мемлекеттік сақтауға берілді.
Руханият • 15 Қазан, 2023
Әдебиеттанудың қаһарманына тағзым
Әдебиеттануда елеулі мектеп қалыптастырған біртуар ғалым, белгілі ұстаз Бейсембай Кенжебайұлы – ұлт руханиятының биік тұғырынан орын алатын тұлға. Ұлт мұратын өмірлік ұстанымы етіп, қазақтың әдебиеттану ғылымына қиын кезеңде қасқайып қызмет еткен профессордың ғылым кеңістігіндегі орны уақытпен бірге биіктеп, асқақ тартып келеді. Аяулы ғалым тәрбиелеген шәкірттерінің өнерге адалдығы, артында қалған байтақ мұрасының өміршеңдігі, өнегелі өмір жолын баяндаған естеліктер мен еңбектердің жарыққа шығып, оған деген құрметті оята түсуі күрескер ғалым есімінің ешқашан көмескі тартпайтынын көрсетсе керек. Күні кеше Алматы тұрғындары көрнекті ғалым атын ардақтаудың тағы бір жарқын көрінісіне куә болды. Ғалымның өзі 25 жыл тұрған М.Төлебаев көшесіндегі №154 үйдің қабырғасына тағзым-тақта орнатылды.
Мәдениет • 12 Қазан, 2023
Жақында Алматыда «Кеше, бүгін, ертең: түркі мәдениетінің сәулет және көркем ескерткіштері» атты жалпы атаумен бірнеше халықаралық жобаның тұсаукесер рәсімі өтіп, ол руханият өрісінің кеңеюінде маңызы бар игілікті бастама ретінде зиялылар ортасында қолдау тапты. Еліміздің ұлттық дәстүрін сақтау және ілгерілету ісіне өз үлесін қосу мақсатын көздеген ауқымды іс-шара белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің қолдауымен ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында өтті.
Тұлға • 05 Қазан, 2023
Өмірін ұлттық мүддеге арнаған көрнекті ғалым, күрескер жазушы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетханның 80 жылдығына орай өткен «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстанның жаңа тарихи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өнегелі өмір иесінің өз басынан ғана емес, жалпы тарих арнасының тағылымды тұстарын тарқатқан мазмұнымен ерекше сипатта өтті.
Әдебиет • 03 Қазан, 2023
Туған әдебиетіміздің көркемдік көкжиегін кеңейткен, ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып, тақырыптық ауқымын жаңа өрістерге алып шыққан көркемсөз өнерінің айтулы тұлғасы Кемел Тоқаевтың ғасырлық мерейтойына орай Алматыдағы Достық үйінде өткен «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ел көлемінде ұйымдастырылған игілікті шаралардың шырқау тұсы болды.
Сұхбат • 06 Маусым, 2023
Ұлттық мәртебеге мүдделі театрлар ұлтқа жақын ба?
Әр кезең өз авторын туғызады. Өміршең классиканың көрерменге берері де, үйретері де көп. Алайда өз дәуіріне үн қатқан, өз уақытының жүгін көтерген заманауи драматургтердің шығармалары театр сахнасында әрдайым кешегі кезең туындыларымен бірдей деңгейде көрініс таба бермейді. Бүгінгі драматургтер қоғам тарапынан «Шекспир мен Чехов сияқты жаза алмайсыңдар» деген өткір сынды жиі естиді. «Жазған пьесам сахнада қойылмайды» деп немесе қойылған күнде де, «іштен шыққан шұбар жылан», көз майын тауысып, жан жүрегімен жазған пьесасының режиссерлердің «пышағына» ілініп, аяусыз туралып, жұтаң тартып шығатынына наразы драматург өзінше өкпелі. «Олардың жазған пьесалары жарамсыз. Сюжеті солғын, идеясы әлжуаз, кейіпкер характерлеріне дейін ұқсас, қарабайыр, тартымсыз» деп режиссер шарасыздық танытады. Драматург пен театрдың, драматург пен режиссердің арасындағы байланыстың белгілі бір жүйеге түспеуі – бүгінгі қазақ театрының шешімін күткен өзекті мәселелерінің бірі. «Драматург – режиссер – көрермен» тізбегінде жұмыс істейтін театрлар өз репертуарын жасайтын автор-драматургпен шығармашылық байланысын қамтамасыз ететін заманға сай оңтайлы тетіктерін таба алған жоқ. Ортақ мәмілеге келе алмай тартысып жүретін екі тараптың пікірталасы толассыз айтылып келе жатқанын ескергеннен болар, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, танымал театр сыншысы, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан драматургтер мен театр режиссерлерінің басын қосып, күрделі мәселенің көлеңкесі мен күнгейі туралы әңгіме өрбітті. Ұлттық әдебиеттің бас драматургі М.Әуезовтің Музей-үйінде өткен жиынға жиырмадан астам театр маманы қатысты. Шығарма талантты автордың қаламынан туса, жазылған дүние мазмұн жағынан терең, мәселе қою жөнінен өткір болса, театр сахнасында қойылуына не кедергі? Оларды қалай жақындатуға болады және театрға, көрерменге қажетті сапалы пьеса жазуды қалай жолға қоюға болады? Міне, бұл – сұрақ. Мақсаты – мәселенің басында тұрған екі тарапты, екі үлкен шығармашылық топ – автор-драматург пен театрды (режиссер, директор) жақындастыру.
Тарих • 06 Мамыр, 2023
Бейбіт өмір бесігінде тербеліп өскен ұрпаққа соғыс деген жат ұғым. Ойша елестететін соғыстың жантүршігерлік шындығын, тыныш өмірдің қадір-қасиетін от пен оқтың ортасынан аман келгендердің шығармасы бәрінен гөрі тереңірек сезіндіреді. Қауызы ашылмай жатып әскерге шақырылған балалар қатарында иығына мылтық асынып, қан майданның ортасынан табылғандардың ішінен елге белгілі ақын-жазушылардың үлкен шоғыры шықты. Соғыстың нағыз шындығы – солардың шығармасында. Ол шығармалар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тұтас бірнеше буынды тәрбиеледі.
Сұхбат • 03 Мамыр, 2023
Театр мен кино өнерінде есімі құрметпен аталатын актер әрі режиссер Мұрат Ахманов өнерге ерте келді. Түр-тұрпатының өзі сахнаға сұранып тұрған немересін атасы жетектеп әкеліп Алматы хореографиялық училищесінің директоры, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың қолына тапсырғанда ол он екі жаста болатын. Режиссер дүниеге келген Алматы облысы Кеген ауылы Ұзынбұлақ ауылына «Атаманның ақыры» фильмін түсіруге барған Шәкен Айманов таңсық өнердің ізіне түскен биші баланы көріп, батасын беріп, қолындағы қамшысын сыйға тартқан. Содан бері қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер саласына өмірін арнағалы да тұп-тура жарты ғасыр болыпты.
Өнер • 12 Сәуір, 2023
А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі хореографиялық оқу орындары арасындағы VIII «Өрлеу» халықаралық байқауын өткізді. Бұл халықаралық байқау әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық байланысты дамытып, нығайту мақсатында 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Театр • 31 Наурыз, 2023
Республикалық шеңберден шығып, халықаралық деңгейді қамтып, театр өнері мен сахнадағы жетістікті баяндап, бақ сынайтын ауқымды фестивальдердің аламаны алдымен өз шағын алаңын бағындырудан басталып жатады. Бұл бәйгенің бәрі өз өнерін өзгемен салыстырып, жаңашылдыққа ұмтылып, тәжірибе алмасып, біртұтас өнер кеңістігін жасау үшін маңызды да. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биылғы маусым кезеңін биік жетістіктермен түйіндегенін 5-рет өткізіліп отырған «Алтын сақа» театрішілік фестивалімен көрсетті. Алғаш 2016 жылы «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің бәйгесі болып бастау алып, жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі деп жалғасын тапқан бұл фестиваль төрт жыл қатарынан өткен соң әлемдік пандемия салдарынан тоқтап қалып, араға үш жыл салып, биыл театрмен қайта қауышты. Театрдың 70-ке тарта әртісі арасында бір жыл аясында сахналанған спектакльдегі рөлдер бойынша жүлделер сарапқа салынып, түрлі арнайы аталымдар бойынша жүйріктер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапаттайтын үміт пен шабыт сыйлайтын шығармашылық дәстүр бұл.