Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
549 материал табылды

Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

Табанды офицер

Андрей Волков үшін осыдан бірнеше жыл бұрынғы бір кезекшілігі өміріндегі ең ауыр күндердің бірі болды. Ол аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан дәрігерлер жас офицердің табанын алып тастайды. Адамның бар салмағы түсетін табан сүйектерін алып тастаудың зардабы оңай болған жоқ. Алайда тағдырдың бұл сынағы арнайы бөлім офицерінің рухын түсірген жоқ. Арада бірнеше ай өткен соң Андрей қайтадан сапқа қосылды. 16 жылдан астам өмірін полицияға арнаған ол қазір ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында сабақ береді.

Үкімет • 17 Қаңтар, 2024

Қаһармандардың ғасырлық тойы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газе­тіне берген сұх­батын­да ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізетінін айта келе: «Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады» деген болатын.

Пікір • 15 Қаңтар, 2024

Көлік жүргізген мастың зияны

Конституциялық соттың судьясы Роман Подо­при­гора Telegram арнасында жүргізуші куәлігі бар адамға және жүргізуші куәлігі жоқ адамға мас күйде көлік басқарғаны үшін көзделген жауап­кершілікке қатысты жазба жариялады.

Саясат • 12 Қаңтар, 2024

Шикізатқа тәуелділіктен арылу – стратегиялық бағыт

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босату туралы мәселені қарады. Сондай-ақ бірқатар заңды мақұлдап, депутаттық сауалдарын жолдады.

Әскер • 09 Қаңтар, 2024

Қорғаныс кешені нығая түседі

Өткен жылы еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің жедел-жауынгерлік дайындығына бағытталған барлық іс-шара орындалды. Ауқымды жоспарлы оқу-жаттығулар мен жауынгерлік әзірлік барысына тосын тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар Абай, Батыс Қазақстан облыстарындағы өртті сөндіруге, Жамбыл облысында қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетілді.

Сұхбат • 04 Қаңтар, 2024

Ербол Өстеміров: Кәсіпкер құқын қорғау да өзекті

Кәсіпкерлер ісіне заңсыз араласу мемлекетке қарсы жасалған қылмыс­пен тең. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қылмыстық қудалау органдарына қарата айтқан сөзі. Елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы орта қалыптастыру, кәсіпкерлердің құқығын қорғау көптен көтеріліп келе жатқан талап-тілек болғанымен, әлі күнге шешімін таппаған келеңсіздіктер шашетектен. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен болған сұхбатымызда осы салада қордаланған мәселелерді қозғадық.

Сенат • 29 Желтоқсан, 2023

Сенаттың жыл қорытындысы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жылды қорытындылаған отырысы өтті. Жиын барысында Қостанай облысынан сайланған Сенаттың жаңа депутаты Бибігүл Аққожина ант беріп, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің құрамына сайланды.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023

Инвесторға қолдау көрсетті

Әділетті Қазақстанды құру мақсатында Бас прокура­тураға бизнес саласындағы заңсыздықтардың жолын кесу міндеті жүктелген. Соның бір бағыты – маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсету.

Сенат • 27 Желтоқсан, 2023

Жер қойнауын пайдалану заңы жетілдіріледі

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері туралы заңды қарады және депутаттық сауал­дарын жолдады.

Спорт • 27 Желтоқсан, 2023

Жігерлі жетер жеңіске

Елордамызда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ТМД елдерінің әскери қызметкерлері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан біріншілік өтті.