Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
549 материал табылды

Саясат • 13 Желтоқсан, 2023

«Ұлы дала» жеңімпаздары

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «Amanat» партиясының дәс­түрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы­ның қо­рытындысы салтанатты түрде жарияланды. Биыл әдеби дода Алаш ақыны ұлт қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл­дығына арналды.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

Мәдени байланыстың мәйегі – бауырластық пен бірлік

Қазақта «Жатырқау – жаттың ісі, жақындау – Хақтың ісі» деген даналық сөз бар. Көршілес елдермен, оның ішінде тарихи тамыры бір туысқан жұртпен қарым-қатынасты нығайту мен бауырластық байланысты бекемдеу де бейбітшілік пен достыққа бағытталған игі іс. Осыған орай таяу күндері Әзербайжан Республикасында Қазақстанның Мәдениет күндері өтіп, екі халықты жақындастыруға септігін тигізген тарихи қадам жасалды.

Сенат • 08 Желтоқсан, 2023

Экожүйе мен балалар қауіпсіздігі алаңдатады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады. Мақұлданған құжаттардың қатарында «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң бар.

Айбын • 08 Желтоқсан, 2023

Жігер берген «Жас сарбаз»

Жастар бойында отаншылдық сезімді қалып­­тастыру және оларға әскери-пат­­риот­тық тәрбие беру – қай уақытта да мем­лекетіміз үшін маңызды ба­сым­дық­тардың бірі. Осы мақсатта бес жыл бұрын Қорғаныс министрлігі өз­ге­ мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жас­ сарбаз» балалар-жасөспірімдер әске­ри-патриоттық қозғалысы» рес­пуб­­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігін құрған болатын.

Сұхбат • 07 Желтоқсан, 2023

Кеңшілік Тиышхан: Ұлт пен дәстүрлі сенім – біртұтас ұғым

Бірінші дін бе, әлде ұлт па? Қазақ «шеше» деген сөзді жаман мағынада қолданғаны рас па? Қазіргі күні қазнетті шулатып тұрған «хит» тақырыптардың бірсыпырасы осындай. Желідегі жөн-жосықсыз дау-дамай мен дүрбелеңнің туындауына арандату мақсатында арнайы жария­ланатын жазбаларды былай қойғанда, кейбір уағызшы имамдардың ұшқары пікірлері де себеп болып жатқаны белгілі. Біз дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кеңшілік Тиышханды әңгімеге тартып, діни саладағы талас-тартыстың ақ-қарасын ажыратып, анық-қанығына жетуге тырыстық.

Айбын • 07 Желтоқсан, 2023

Отан қорғаушының ерлігі

Төтенше жағдайда көрсеткен табанды іс-қимылы үшін Қор­ға­ныс­ министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов аға сержант Мейрамбек Ысқақовты «Ел қорғаны» медалімен марапаттады. Отан қорғаушының батыл әрекеті жоғары басшылықтан лайық­ты бағасын алды.

Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023

Креативті индустрияны дамыту басымдығы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Басқосуға қатысушылар Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында белгілеп берген креативті индустрияны дамыту мәселелерін және осы бағыттағы басты міндеттерді іске асыруға арналған бірлескен жұмыс форматын талқылады. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.

Балалар • 06 Желтоқсан, 2023

Бала құқы – басымдық

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбына арналған отырыс өткізді.

Қылмыс • 05 Желтоқсан, 2023

Қоғамның бұл да бір кеселі

Жезөкшелік – қоғамның дерті. Өкінішке қарай құқық қорғау органдары тарапынан бұған қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп жатса да, жаман кәсіпті нәсіпке айналдырғандар айылын жияр емес.

Қылмыс • 04 Желтоқсан, 2023

Миллиардтарды жымқырған қылмыстық топ

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің мә­ліметінше, Түркістан облы­сы білім беру саласының қыз­меткерлері 3 млрд теңге шамасындағы қаражатты жым­қырды деген күдікке ілі­ніп отыр. Қазіргі таңда білім мекемелеріндегі жүйелі жем­қорлықты анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.