
Әскер • 26 Шілде, 2024
Астанада Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің төрағалығымен өзара іс-қимыл жасайтын органдар басшылары мен әскерлердің командалық құрамының қатысуымен Ұлттық ұланның әскери кеңесі өтті.
Заң • 26 Шілде, 2024
Берік Бекжанов: Заң мен тәртіп халық игілігіне қызмет ету керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бастамасы қоғам өміріне ашықтық пен жариялылық лебін ала келді. Соның арқасында азаматтар ел ішінде қордаланған әрі шешімін күткен шетін мәселелерді ашық та батыл айта бастады. Бұл өз кезегінде осы жылы ел өміріндегі елеулі заңдардың қабылдануына ықпал етті. Біз Президенттің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік БЕКЖАНОВТАН аталған заңдардың қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы үшін маңызын, адам құқығын қорғау жолында қолға алынған өзге де бастамалар туралы сұраған едік.
Қоғам • 20 Шілде, 2024
Таяу күндері әлеуметтік желіде белгілі тележурналист «Газет өлді» деген екіауыз сөз жазылған пост жариялады. Әдеттегідей, оның астында баспасөздің жанашырлары мен газет-журналдың жаназасын шығаруға асығушылар пікір жазысып айтысқа түсті. Бірі газет ешқашан өлмейтінін алға тартса, екіншісі қазір халықтың бәрі интернетке көшкенін, сол себепті дәстүрлі медианың заманы өткенін дәлелдеуге тырысып бақты.
Құқық • 19 Шілде, 2024
Алаяқтықты кәсіп қылған адам алысқа бармайды. Бәлкім, белгілі бір уақыт сайран құрар. Жер-жаһанды жалпағынан басып, өзінің ұсталмайтынына сенімді болар. Бірақ заңның құрығынан құтылып кету мүмкін емес.
Заң • 16 Шілде, 2024
Мақсатсыз жұмсалған миллиондар
Шерағаңның «Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: әлсіздер тұтылып, әлділер құтылып кете береді» деген сөзі әлі де өзекті болып тұр. Заңды белшесінен басып, халық игілігіне жұмсалуға тиіс қаражаттың көрінгеннің қалтасына кетіп жатқанын көргенде осындай ой түйесің. Бұған ел ішінде нақты мысалдар жетіп артылады.
Қазақстан • 13 Шілде, 2024
Гүлнәр Бижанова: Бизнес әділеттілікке арқа сүйейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуінде: «Мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жекеменшіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Мұны ерекше атап өткім келеді: кәсіпкерлерге көмектесу керек», деген болатын. Осы орайда қадағалаушы органдар мен бизнес арасындағы қарым-қатынас қандай деңгейде? Президент айтқандай, өзара теңқұқылы серіктестік орнаған ба? Біз «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр БИЖАНОВАМЕН болған сұхбатымызда осы сұрақтардың жауабын білуге тырыстық.
Әскер • 11 Шілде, 2024
Армандаған оқуына түсіп, қолға диплом алу – әрбір жастың өмірдегі басты мақсаты, үкілеген үміті. Таяу күндері ҰҚК Шекара академиясының бітіруші түлектері осындай шаттыққа кенеліп, жүздері бал-бұл жайнады.
Саясат • 05 Шілде, 2024
«Шанхай ондығы»: Кеңістік кеңейе түсті
Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Қазақстан – Қытай: Ынтымақтастықтың елеулі белесі
Елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының кортежін өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Президент сарайының алдынан Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.
Құқық • 04 Шілде, 2024
«Цифрлық полиция» жемқорлықты тыяды
Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жай қылмыскерлермен емес, цифрлы қылмыскерлермен күресуге тура келіп тұр. Сондықтан полицияның қызметін цифрландыру мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Мемлекет басшысы цифрландыруды қолға алынған реформалардың ең басты базалық элементі деп айрықша атап өтті.