Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
71 материал табылды

Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

Абай облысында 10 760 бүлдіршін мектеп табалдырығынан аттады

Биылғы 2023-2024 жылғы оқу жылында Абай облысы бойынша 10 760 бүлдіршін 1-сынып табалдырығынан аттады, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық білім басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2023

«Ауыл аманатына» қатысады

Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлердегі ауыл халқының ахуалын жақсартып, кірісін арттыруға қолдау көрсету мақсатында «Ауыл аманаты» қанатқақты жобасы қолға алынғаны белгілі. Жоба аясындағы тапсырмаларды орындау Абай облысында да қарқын алды. Соның ішінде жеңілдетілген несиелер беру үшін басым бағыттар таңдалып отыр.

Шаруашылық • 22 Тамыз, 2023

Күнбағыс жайқалып тұр

Абай облысы Жарма ауданы аумағымен өтетін жолға түскен адамның назарына жай­қалған күнбағыс егістігі бірден түседі. Құдды осынау ұлан-ғайыр алқаптан ал­тын шапақ төгіліп, арбап тұр­ған­дай әсер қалдырады. «Жақ­сыны көрмекке» деген ниетпен иелігіне алған жер­ді игілігіне ұқсатқан аза­маттың кім екенін білуге тырыстық.

Партия • 21 Тамыз, 2023

Жұртшылыққа берілген уәде орындалып келеді

«Amanat» партия­сы­ның Абай облыстық филиалында облыс мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «Amanat» партия­сы депутаттық фрак­циясының төрағасы Шағангүл Жанаеваның қатысуымен брифинг өтті.

Жәдігер • 16 Тамыз, 2023

Тана мырзаның шапаны

Қазақта ел басқару ісінде де, адамдық биік пара­са­тымен де өз заманының қайраткер тұлғасы ретінде есімі ел ішінде аңыз болып айты­­лып, бүгінге жеткен Тана Тілемісұлының туғанына биыл 220 жыл толып отыр. Құнанбай Өскенбайұлының замандасы һәм құдасы болып сыйласқандығын тарихи деректер растайды. Яғни Құнанбайдың бір баласы Ысқақ Тана бидің немере қызы Тектіге үйленіп, одан Кәкітай дүниеге келген.

Спорт • 14 Тамыз, 2023

«El sport» ұйытқы болған ерекше марафон

Абай күні мерекесі ұлы ақынның туған жерінде үш күнге ұласқан түрлі мәдени іс-шаралармен ел есінде қалды. Соның ішінде шоқтығы биігі Абай облыстық әкімдігінің, денешынықтыру және спорт басқармасы мен Әлихан Бөкейхан және Шәкәрім университеттерінің, түрлі деңгейдегі демеуші компаниялар мен кәсіпкерлердің қолдауымен, «El sport» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткі­зілген ультрамарафон болды. Ғалым әрі танымал марафоншы Рамазан Салықжановтың жетекшілігімен жүзеге асқан ультрамарафонға елімізден және шет мемлекеттерден барлығы 16 спортшы қатысып, «Семей-Жидебай-100 миль» (160 км) және «Семей-Бөрілі-50 миль» (80 км) қашықтықта бақ сынады.

Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Қызыққа толы демалыс

Жазғы демалысын қызықты өткізу әр балаға маңызды. Әсіресе өзі қатарлас достарымен бірге қырға шығып, арнайы ашылған демалыс лагерь­ле­рін­де болып қайтқаннан асқан бақыт жоқ. Алакөл жағасындағы «Үржарайым» балалардың демалыс орнында Абай облысының әр ауданынан оқушылар он күнге келіп, тынығып қайтады. Олар – негізінен көп балалы отбасылардан шыққан, пәндік олимпиадаларда, білім сайыстарында топ жарған оқушылар.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Бақтының бағы жанып тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Абай облысында жаңадан құрылатын аудандар қатарында Мақаншы елді мекені аталғаны белгілі. Қазіргі күнде құрамына 27 ауылдық округі енетін Үржар ауданына қарасты Бақты ауылы осы Мақаншы аумағында орналасқан. Мақаншының маңдайы қашан жарқырайтыны – өз алдына бөлек тақырып. Ал Бақты – көршілес Қытай еліне тікелей тұмсығын тіреп жатқан және сонымен қатар кедендік бақылау нысаны орналасқан үлкен ауыл.

Қоғам • 28 Шілде, 2023

Мемлекеттік сатып алу: Заң бұзу азаймай тұр

Абай облыстық прокуратурасы жыл басынан бергі атқарған жұмыс қорытындысында түрлі сала бойынша орын алған заң бұзушылықтар туралы мәлімет берді.

Таным • 20 Шілде, 2023

Шәкәрім ұрпақтарының шеруі

Биыл – қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. Атаулы дата аясында жыл соңына дейін сан түрлі рухани-мәдени шаралар жалғаса беретіні белгілі. Ал осы уақытқа дейінгісінің ең елеулісі өткен аптаның ортасында ұлы тұлғаның ұрпақтары Семейге келіп, одан әрі қарай «Шәкәрім жүрген ізбенен...» атты арнайы ұйымдастырылған экспедиция құрамында Шыңғыстау қойнауына барып, екі күн сапарлатқаны болды. Бұл мерекелік шара Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.