Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
71 материал табылды

Аймақтар • 16 Шілде, 2023

Өрт дер кезінде сөндірілді

Абай облысында тағы да өрт тұтанды. Бұл жолы Бесқарағай ауданында. Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдегендей, «Шошқалы» демалыс аймағынан шыққан өрт 350 гектар аумақты шарпыған.

Білім • 13 Шілде, 2023

Білімдегі былық

Бүгінде білім беру саласының қай сатысын болсын, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайлап алғаны белгілі. Еліміздің қай облысын алып қарасақ та сыбайлас жемқорлық фактілері негізінен осы салаға жауапты басшылардың атын күн сайын әйгілеп жатыр.

Аймақтар • 14 Маусым, 2023

Шульба су қоймасына қауіп жоқ

Абай облысының аумағын, нақты айтқанда, Бородулиха ауданының ауыл­дары мен Семей қаласына қарасты ауылдардың жалпы жағдайы тап қазір күрделі күйде. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов өрттің негізгі ошақтарының бірі саналатын Талица ауылында жүргенімен, әзірге ол жақтан нақты мәлімет түсіп жатқан жоқ.

Төтенше жағдай • 14 Маусым, 2023

Алапат өрт халықты көшірді

Абай облысындағы алапат өрттің ауыздықталмауы облыс ор­та­лығы – Семей қаласының тұрғындарын да алаңдата бастады. Өйт­кені тілсіз жау қала маңындағы Озерки ауылдық округіне қа­расты Каштак, Талица елді мекендерінің төңірегіндегі орманды алқаптарға дейін жайылды. Жанған ағаштардың түтіні барған сайын қоюланып, көкті тұмшалағаны соншалық, алыс­тан да анық көріне бастады. Полиция аталған елді мекендердің бағытындағы жолға тосқауыл қойып, бет алған көліктерді кері қайтару үстінде. Өрттің өршуіне аптап ыстық пен күшейген желдің де әсері болып тұр.

Төтенше жағдай • 13 Маусым, 2023

Тілсіз жаудың беті қайтар емес

Міне, еліміз қара жамылып, төрт күн бойы арпалысып жат­са да, тілсіз жау тізгін бермей тұр. Өрттің кейбір ошақтарын ауыз­дық­тай алсақ та, біраз тұста қауіптілік деңгейі басылған жоқ.

Оқиға • 12 Маусым, 2023

Абай облысында өрт сөндіру техникасы жанып кетті

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде Қарағанды облысының өрт сөндіру машинасы жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Маусым, 2023

Абай облысында өрт сөндіру әлі де жалғасып жатыр

Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бородулиха ауданының 60 мың гектар аумағын жалмаған жалын Семей қаласына жақын ауылдарға да қауіп төндірді. Қазір аталған аудан мен Семей қаласында төтенше жағдай жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Маусым, 2023

Адымы алымды Абай

Араға ширек ғасыр уақыт салып, облыс мәртебесін иеленген Абай облысының «өшкені жанып, өлгені тірілгеніне» де жыл толды. Он екі айдың жүзі уақыттың уысында сынаптай сырғып өткенімен, даму динамикасының қандай болатыны кез келген жергілікті жанның көкейінде тұратыны сөзсіз.

Қоғам • 08 Маусым, 2023

Жаңа облыстағы ілкімді істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ашылған үш жаңа облыстың бірі – Абай облысының өз алдына отау тіккеніне жыл толды. Әрине, көп уақыт емес. Дегенмен даму бағытын айқындаған өңірдегі халықтың болашаққа сенімін ұялататын істер баршылық. Оны Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен БАҚ өкілдерінің арнайы баспасөз-турында айқын аңғардық.

Театр • 31 Мамыр, 2023

Елу жылдан кейінгі кездесу

Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.