
Жәдігер • 21 Қараша, 2023
Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде халық батыры Амангелді Имановтың ас ішкен ағаш табағы сақтаулы тұр.
Еңбек • 16 Қараша, 2023
Пісірген тоқашы тәп-тәтті болып шығады, бәлішін үйдегілер таласа-тармаса жеп қояды. Сонда «неге осыларды көбірек пісіріп, саудаға шығармасқа?» деген ой келді. Сол ойдың басына сарт ете қалғанына қазір сондай риза. Әйтпесе, кәсіпкерлікке келе қоюы екіталай еді.
Аймақтар • 12 Қараша, 2023
«Біздің кенттегі «подстанса» иесіз қалды, «жаман айтпай жақсы жоқ», ертең мұнда біреулер электр тогына түсіп қалса қайтеміз?» Жезді кентінің тұрғыны Мұхамеджан Мырзабеков есімді азамат телефонды қайта-қайта шырылдата берген соң, көзбен көрмекке арнайы жолға шықтық. Көзбен көргенде көңілге түйгеніміз не?
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Қазіргі Сәтбаев индустрия колледжі бұрын №3 кәсіптік мектебі деп аталатын. Басшылық жұмыс сұрай келген бұған дәнекерлеу мамандығы бойынша үш айлық курсқа баруға ұсыныс жасады. «Бізде осы мамандық бойынша оқу шеберлері жетіспей жатыр. Егер бәрі жақсы болса, жұмысқа қабылдаймыз, балаларға дәнекерлеудің қыр-сырын үйретуден дәріс бересіз», дейді. Мұның бітіргені – Жезқазған құрылыс техникумы. Мамандығы бойынша жұмыс табылмай тұрса, қайтпек керек?
Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Жаңадан құрылған облыс үшін инвестиция тартудың қаншалықты маңызды екенін айтып жатудың өзі артық. Шыны керек, облыста жаңа өндіріс орындарын ашу ауадай қажет дүние болып тұр. Бұл дегеніңіз – қосымша қаржы көздері, жаңа жұмыс орындары екенін айтпаса да түсінікті.
Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Мектептерге – автобус, құтқарушыларға – техника
Республика күнінің қарсаңында Ұлытау облысының бірқатар мектептері көптен күткен автобустарға, құтқарушылар жаңа техникаларға қол жеткізіп, мәз-мәйрам болып қалды.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Бағлан Алшынбаев Сәтбаев қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімшесінде қарауыл бастығы болып қызмет істейді.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Спорттың бұқаралық сипат алуын қамтамасыз ету мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі «ZHEZKAZGAN ALTYN KUZ» атты жартылай марафон ұйымдастырды. Бұл жарысқа еліміздің әр аймағынан ғана емес, Ресей, Украина, Моңғолия мемлекеттерінен де марафоншылар қатысты.
Шахмат • 18 Қазан, 2023
Зерделілер турнирі – Жезқазғанда
Елімізде шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыруды көздейтін «Freedom Broker» компаниясының демеушілігімен қолға алынған «Шахмат керуені» жобасы аясында Ұлытау облысының орталығы Жезқазғанда турнир өтті.
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Ұлытау облысы: Фермерлерге жеңілдік
Ұлытау облысында көмір әр тоннасына 13 700-19 500 теңге аралығында сатылып жатыр. Бағаның әркелкілігі, әрине, жол шығынына байланысты екені түсінікті.