Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Қарағанды оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі
Жаңа оқу жылында Қарағанды мектептерінің барлық оқушылары бюджет есебінен оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіледі. Тіпті, 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге оқулықпен қоса дәптерлер жиынтығы да тарту етілетін болады.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Қарағанды облысында Конституция күніне ерекше маңыз беріледі
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Конституция күні мерекесінде көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта өңірдегі қалалар мен елді мекендердің көшелері қызылды-жасылды жалаушалармен, Ата заңның мән-мағынасын арқау еткен баннерлермен және шағын сәулет пішіндерімен безендіріліп, мерекелік кейіпке еніп келеді.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қарағанды облысында астық жинау науқаны басталды
Қарағанды облысының Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Абай және басқа да аудандарында егін орағы басталды. Биылғы меже бойынша барлығы 884 мың гектар алқаптан астық өнімдері жиналуы тиіс.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің жаңа басшысы лауазымына Айгүл Бейбітбайқызы Байханова тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қарағанды кеншілер күнін кеңінен атап өтті
Қарағанды облысы Шахтер күні мерекесін кеңінен атап өтті. Үш күн бойы облыс орталығы мен негізінен кенші қауымы тұратын қалалардың бәрінде мерекелік іс-шаралар, халықтық серуен мен концерттер ұйымдастырылды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қарағандыда 14-ші өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Қайнар ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Мұндағы өрт сөндірушілер аталған ауыл мен жақын маңдағы елді мекендерге қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда Қайнар ауылында барлығы 204 түтін бар, онда 1164 адам мекен етеді.
Экономика • 25 Тамыз, 2019
Өндірісті өлкеден – өміршең өзгерістерге
Өткен жұма күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын «Сарыарқа» әуежайында облыс әкімі Ерлан Қошанов күтіп алды. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар нысанды аралап, өңірдің индустриялық әлеуетімен танысты. Облыс орталығында индустриялық-инновациялық даму жөнінде кеңес өткізді. Келесі күні Президент Жезқазған мыс балқыту зауытында болып, онан кейін «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумының жұмысына қатысты.
Президент • 23 Тамыз, 2019
Мемлекет басшысы Қарағандыға жұмыс сапарымен келді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын «Сарыарқа» әужейында облыс әкімі Ерлан Қошанов қарсы алды.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Қарағанды облысындағы ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Қайнар ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Мұндағы өрт сөндірушілер аталған ауыл мен жақын маңдағы елді мекендерге қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда Қайнар ауылында барлығы 204 түтін бар, онда 1164 адам мекен етеді.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Балқашта ерекше балаларға арналған ойын алаңы ашылды
Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үлкен Жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығының жанынан ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңы ашылды.