Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Қарағанды вокзалы қыркүйекте есік ашады

Қарағанды темір жол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Күрделі жөндеуден өткеннен кейін аталған нысанның өткізу қабілеті екі есеге өсіп, тәулігіне ол 8000 жолаушыны құрайтын болады.  

Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Екі секундқа сыйған көріністер

«Қарағанды өмірінің бір күні» атты фотокөрмеге келген қала тұрғындары мен қонақтары кеншілер астанасының келбетін әр қырынан танып, бұрын өздері байқай қоймаған немесе мән бермеген тосын да тамаша көріністерге толы суреттерге дән риза болысты.

Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Өңірде туризмге өріс кең

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобасы қолға алынғаннан бері туристік индустрияны дамыту ісі жаңа серпін алды. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Қарағанды облысына жасаған сапары барысында өңірдің өсу нүктелерінде және бірінші кезекте 10 туристік нысанның картасына енген Балқаш аймағында ірі халықаралық іс-шараларды жеке капиталды тарта отырып өткізуді және өңірдің туристік мүмкіндіктерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

12 Тамыз, 2019

Арыстың алғысын арқалап қайтты

Арыс қаласындағы айтып келмеген апат Арқа жұртын бей-жай қалдырмады. Төтенше жағдай туралы ақпарат жеткен бетте Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып арыстықтарға қол ұшын беруге асыққан болатын.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Қарағандыда биыл 13 мектеп НЗМ бағдарламасымен оқытады

Қарағанды облысында жаңа оқу жылынан бастап 13 мектепте Назарбаев зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату жұмыстары қолға алынады. Ал өткен жылы өңірде аталған мектеп бағдарламасы 39 білім мекемесінде қолданылып, ол өзін жақсы жақсы жағынан көрсете бастаған болатын. 

Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Ұлытауда Jezkiik этно-мәдени мұра фестивалі өтеді

Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының Болатсай деген жерінде 23-24 тамыз күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Jezkiik этно-мәдени мұра фестивалі өтеді.

Саясат • 08 Тамыз, 2019

Қарағанды командасы асық атудан күміс медаль алды

Қызылордада 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында асық атудан өткен Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының командасы күміс медальға ие болды.  

Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

ҚарМУ-да Жастар орталығы мен «Жастар» аллеясы пайдалануға беріледі

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2019-2020 оқу жылының басында Жастар орталығы мен «Жастар» аллеясы пайдалануға беріледі.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Қарағандыда құрбан малын соятын орындар белгілі болды

Кеншілер астанасында Құрбан айт кезінде мал союға арналған орындар белгіленді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарағандыда Резник, С.Сейфуллин, Республика даңғылы және К.Маркс көшелері бойында орналасқан, санитарлық талаптарға сай келетін алаңдарда мал союға рұқсат берілді.

Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Кемшіліксіз болса

Тоқсан жолдың торабында тұрған Қарағанды қаласы үшін айналма жол ауадай қажет болатын. Бір ғана мысалға көз жүгіртсеңіз, бұл мәселенің күн тәртібінде өте өткір тұрғанын аңғарар едіңіз. Мәселен, кеншілер астанасы арқылы күніне 20 мыңнан астам транзиттік көлік өтеді екен.