Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 23 Маусым, 2019

Қарағанды облысында тәртіп сақшыларына ескерткіш орнатылды

Қарағанды облысындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде Қазақстан полициясы күніне орай қызметтік міндеттерді орындау кезінде қаза болған жергілікті тәртіп сақшыларына обелиск орнатылды.

Аймақтар • 22 Маусым, 2019

Қарағандыда мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Кеншілер астанасында кәсіби мерекелері қарсаңында үздік мемлекеттік қызметшілердің бір тобы марапатталды.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Қарағандының маңында пілдер қайдан жүр? (видео)

Бүгін әлеуметтік желіні Балқаш-Қарағанды күре жолының жиегінде, нақтырақ айтқанда кеншілер астанасындағы «Күнгей» шағын ауданының маңында жүрген екі пілдің бейнекөрінісі жаулап алды.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Қарағандыда «Жастар әлемі» фестивалі жалау көтереді

Ертең, яғни 22 маусымда кеншілер астанасындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында VІ облыстық «Жастар әлемі» фестивалі жалау көтереді.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Қарағандының ғалымы «Алтын Гефест» сыйлығына ие болды

Қарағанды мемлекеттік техникалық уиверситетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА академигі Аристотель Исағұлов Ұлттық тау-кен-металлургия саласындағы «Алтын Гефест-2019» сыйлығының «Жылдың ғалым-педагогы» аталымы бойынша лауреаты атанды.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Бүгін Қарағанды облысында ҰБТ сынағынан 1758 түлек өтеді

Қарағанды облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталып, биыл мектеп бітірген 1758 түлек өздерінің білім деңгейін тексеруге кірісті. Түлектердің ішінде 99-ы «Алтын белгі» және 83-і «Үздік аттестат» иегерлері.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Қарағанды облысындағы шаруашылық Өзбекстанға 28 мың бұқа сатады

Қарағанды облысында тасы өрге домалап тұрған шаруашалықтың бірі – ірі қара мал бордақылауды кәсіп ететін «Жәке» шаруа қожалағы. Кәсіпорын осыдан үш жыл бұрын Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде іске қосылған болатын.

Руханият • 20 Маусым, 2019

Көмекей әулие туралы кітап

Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мү­шесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­­тық университетінің профессоры Жам­был Артықбаевтың «Бұқар жырау: ғұ­мыр белестері» еңбегінің тұсаукесері өтті.

Президент • 19 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

Аймақтар • 19 Маусым, 2019

«Көкмайса» – туристік әлеуетті көтереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөй­леген сөзінде «Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің бас­ты рухани бағдарымыз болып қала беретініне ерекше маңыз бер­ді. «Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым-білім­ге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойын­дағы асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың бір­лігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабі­летті ел болуға жол ашады», деген болатын жаңадан сай­лан­ған ел Президенті.