Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Жезқазған: Жұрттың баласынан қай жері кем?

Айналайын интернеттен канадалық бір оқушының карантин кезінде қат болып тұрған бетпердеге аса қажетті құрал ойлап тапқанын көріп, «Ой, Алла-ай, адам баласының шығармайтыны жоқ-ау, ә!», деп таңдай қаққанымыз рас еді. Былай қарасаңыз қарапайым ғана зат, бірақ қазіргі жағдайда көтеріп тұрған жүгі керемет, енді! Суретті қарасаңыз көзіңіз жетеді: бұл құралдың арқасында күні-түні маскамен жүретін дәрігерлер қауымының құлағы қажалудан құтылатын болды, енді.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Карантиндегі Қарағандының «қызықтары»

Кеншілер астанасында коронавируспен ауырғандардың саны күн санап көбейе түскен кезде: «Әкім қайда, елдің алдына неге шықпайды?» деп әлеуметтік желіде аттан салып, дабыл қақтық. Обалы нешік, облыстың әкімі Жеңіс Қасымбек сол күні тікелей эфирге шығып, Арқа жұртына сөз арнады. Бірақ «жаман тұмау» дегеніңіз мұнымен сап тыйыла қалған жоқ. Бүгінде осы індеттің вирусы бойында бар адамдардың саны облыста 55-ке жетті...

Медицина • 08 Сәуір, 2020

Медицина қызметкерлеріне сыйақы беріле бастады

Коронавирус індетімен өз өмірлерін қатерге тігіп, күн-түн демей күресіп жүрген дәрігерлер қауымына демеу қажет қазіргі уақытта. Мұны Қарағанды облысының басшылығы жақсы сезінеді және нақты істерге қадам жасап отыр.

Абай • 08 Сәуір, 2020

Абайдың айналасына адал болсақ...

Өскемендік Сәкен Қасенов деген азаматты өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған кезінен білеміз. Бір жатақханада тұрып, бір шәугім шайды бөліп ішкен дегендейін сыйластықта болғаны­мыз бар. Жақында осы азамат­тың әлеуметтік желіде, атап айтқан­да өзінің facebook парақшасында жазғанын оқып, ойға қалдық.

Қоғам • 07 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Кәсіпкерлер блок-бекетке ыстық тамақ жеткізді

Коронавирус індетіне қарсы күш біріктірмесе ырық бермейтін түрі бар. Әсіресе, қазіргі уақытта өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, аждаһа індетпен алысып жүрген дәрігерлерге, сонан соң күн-түн демей қызмет етіп сапта тұрған тәртіп сақшыларына қолдау ауадай қажет.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Жеті адам COVID-19 жұқтырған

Бүгін Қарағанды облысында тағы да жеті адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Бұлар бұған дейін коронавируспен ауырған  және карантинге жатқызылған науқастармен аралас-құралас болған адамдар. Қазіргі уақытта олардың барлығы инфекциялық бокстарға оқшауланды  және тиісті ем-дом алып жатыр.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде анықталды. Олардың барлығы да «жаман тұмаудан» қайтыс болған марқұмның отбасы мүшелері және онымен байланыста  болған  адмадар деген дерек бар.

Білім • 05 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Онлайн? Оқытуға біз дайын!

Коронавирустың кесірі білімге құштар буынға да ауыр тиіп тұр. Дегенмен, індет үйге тықты екен деп қол қусырып қарап отыруға тағы болмайды. Бұл тұрғыда Қарағанды облысы тығырықтан алып шығар жолды іздестіру үстінде.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында 7 сәуірден бастап карантин күшейтіледі

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралу географиясының ұлғайуына байланысты 7 сәуірден бастап карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізіледі, деп хабарлады облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров.

Коронавирус • 05 Сәуір, 2020

Қарағанды: COVID-19 жұқтырудың төрт оқиғасы тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы төрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз қызметі.