Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1233 материал табылды

Аймақтар • 17 Қазан, 2019

Қарағандыда Жәния Әубәкіроваға ескерткіш белгі қойылды

Кеншілер астанасындағы «Шалқыма» концерт залында Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованың шығармашылық кеші өтті. Қазақ музыка өнерінің көгіндегі жарық жұлдыз Қарағанды симфониялық оркестрімен бірге халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалінің ашылуында өнер көрсетті.

Аймақтар • 17 Қазан, 2019

Ұлытауын ұлықтап, ақынын ардақтады

Ұлытауда шығарма­шылығына Қарағанды, Жезқазған, Қарсақбай сынды өндіріс ошақ­тарын жырлауды ар­қау еткен арқа­лы ақын Тайжан Қалмағам­бе­товтің 140 жылдығы мен ауданның 80 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі думан өтті. Ұлт ұясы атанған ауданның бұл тойына Парла­мент Сенатының депутаты Рысқали Әбді­керов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Руханият • 16 Қазан, 2019

Ұлытау ауданының 80 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

Ұлытауда шығармашылығына Қарағанды, Жезқазған, Қарсақбай сынды өндіріс ошақтарын жырлауды арқау еткен арқалы ақын Тайжан Қалмағамбетовтің 140 жылдығы мен ауданның 80 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі думан өтті.

Руханият • 15 Қазан, 2019

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Алпыс жастың асқарына шыққан қарағандылық  қылқалам шебері Олег Дроздов өзінің мерейтойында өнерді шын бағалайтын жерлестеріне  арнап жеке көрмесін ұсынды. Кеншілер астанасындағы бейнелеу өнері мұражайының төрінен шебердің  70-тен аса туындысы орын алды.

Аймақтар • 15 Қазан, 2019

Жолдың жайы қалай: Экономиканы жарылқайтын сала

Жақында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин республикалық маңыздағы жолдардың құрылысымен, атап айтқанда «Қарағанды – Балқаш», «Қарағанды – Теміртау», Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары сынды ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Аймақтар • 14 Қазан, 2019

Балқаш қаласының саябағы абаттандырылады

Балқаш қаласында «БЛКЖО-ның 30 жылдығы» атындағы саябақты абаттандыру жұмыстары екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болды.  Бұл туралы шешім қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан жиында қабылданды.

Экология • 14 Қазан, 2019

Қарағанды облысында бір күнде 6500 көшет егілді

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының мыңдаған тұрғыны республикалық акция аясында бір күнде 6 500 көшет екті.

Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Жаңа жұлдыздар жарқырайды

Теміртау қаласында өткен республикалық «Жұлдыз-2019» эстрадалық ән байқауында Ақмола, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 25 орындаушы бақ сынады.

Қоғам • 07 Қазан, 2019

Азаматтардың өтініші жауапсыз қалмауы керек

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында бірқатар медициналық нысандарды аралап, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері орынбасарларының қатысуымен кеңес өткізді.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Мақсат – қаржылық мәдениетті қалыптастыру

Кеншілер астанасында «Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Қарағанды облысының академиялық топтары өкілдерімен кездесу өткізді.