
Аймақтар • 02 Маусым, 2019
Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады
Кеншілер астанасында балалар мен жасөспірімдерге арналған ғимараттың құрылысы басталды. Осы оқиғаға орай, балалар мерекесі күні жаңа нысанның іргетасы жанына «Уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті. Ішінде бүгінгі жастардың келешек ұрпаққа арнаған жолдауы бар бұл темір құтының қақпағы тек 2050 жылы ғана ашылмақ.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Қарағандыда зұлмат жылдардың құрбандарын еске алды
Қарағанды қаласының іргесіндегі Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті. Шараға Қарағанды облысының әкімі, Украина, Чехия, Корея және Румынияның Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ Қырғызстан, Франция, Иран және Жапония елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Қоғам • 30 Мамыр, 2019
Қарағандыдағы Мамочкино зиратында мемориалдық кешен пайда болады
Кеншілер астанасынан 30 шақырым жерде орналасқан Мамочкино зиратында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг-реквием өтті. Шараға облыс әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, түрлі конфессиялардың діни қызметкерлері, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен облыс тұрғындары қатысты.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
Қарағандылық 86 көпбалалы отбасы баспанаға ие болды
Кеншілер астанасында көпбалалы 86 отбасы қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің қолынан жаңа пәтерлердің кілтін алды. Оларға баспана Қарағанды қаласындағы Бәйкен Әшімов атындағы жаңа шағын ауданнан берілді.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
Қарқаралыда Құнанбай қажы мен бала Абайға ескерткіш қойылды
Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құнанбай қажы мен бала Абайға еңселі ескерткіш қойылды.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Қарағандылық пауэрлифтер әлем рекордын жаңартты
Токио қаласында пауэрлифтингтен өткен халықаралық біріншілікте қарағандылық Қараман Абдулкәрім 59 кило салмақ дәрежесінде әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2019
Қарағандылық самбошы полицей Парижде топ жарды
Париж қаласында самбо күресінен өткен Гран-при халықаралық турнирінде қарағандылық учаскелік инспектор Бейімбет Қанжанов чемпион атанды.
Руханият • 28 Мамыр, 2019
Қарағандылық жас шеберлердің туындылары көпшіліктің көңілінен шықты
Кеншілер астанасындағы бейнелеу өнері мұражайында өткен «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты көрме келген жұрттың көңілінен шықты. Өйткені, мұражай төрінен жас шеберлер барын салған туындылардың ең үздіктері орын алған еді.
Руханият • 27 Мамыр, 2019
Қарағандының симфониялық оркестріне Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді
Қарағанды облыстық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрі биылғы маусымның соңғы концертін КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевті еске алуға және симфониялық оркестрге салтанатты түрде оның есімін беру рәсіміне арнады.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары жараланып қалды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың жараланып қалғаны жөніндегі ақпарат Қарағанды қалалық полиция бөліміне 26 мамыр күні сағат 05.30-да түскен.