
Аймақтар • 18 Мамыр, 2019
Қарағандыда заманауи аншлагтар пайда болды
Кеншілер астанасындағы басты көше – Бұқар жырау даңғылындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің сыртына заманауи материалдардан жасалған мекенжай аншлагтары орнатыла бастады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2019
Қарағандыдағы «Мәміле» клубының танымалдығы артып келеді
Кеншілер астанасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптей отырып, қолайлы тілдік орта қалыптастыру мақсатында биылғы жылдың басында «Мәміле» сұхбат клубы құрылған болатын.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Балқаш қаласында балғын құтқарушылар сайысқа түсті
Балқаш қаласында жалпы білім беретін орта мектептер арасында «Балғын құтқарушы» жарысы өтті. Сайысты қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен білім беру бөлімі бірігіп ұйымдастырды.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандылық түлектер құрбы-құрдастарына үндеу жариялады
Кеншілер астанасындағы №23 орта мектептің түлектері мектеп бітіру кешін той-думанға айналдырудан бас тартқан алматылық құрдастарының челлендж бастамасын қолдап, бейне үндеу жариялады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандыда триатлон-саябақ салынады
Кеншілер астанасында «Көгілдір тоғандар» және Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарының арасында триатлон-саябақ бой көтереді. Ашық аспан астындағы бірегей спорт нысанын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке құрылыс компаниясы салады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандылық оқушылар мектепке онлайн режімінде орналастырылады
Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қарағанды қаласында бірінші сыныпқа қабылдау және мектептен мектепке ауысу өтінімдерін http://school.kargoo.gov.kz/ru/ порталы бойынша беру мүмкіндігін қарастырған жаңа жүйе іске аса бастайды. Яғни, ата-аналар енді балаларын мектепке онлайн режімінде орналастыра алатын болды.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандыда «Табиғатты аяла» атты облыстық форум өтті
Кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Табиғатты аяла» атты облыстық форум өтті.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандыда Armanǵa jol марафоны өтеді
Кеншілер астанасында 19 мамыр күні «Armanǵa jol-2019» атты жартылай марафон өтеді.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды
Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданында отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Жаңа амбулаторияның бір ауысымда 100 емделушіні қабылдауға әлеуеті жетеді.
Спорт • 15 Мамыр, 2019
Қарағандылық сақшылар самбо жарысында көзге түсті
Алматы қаласында самбо күресінен өткен республикалық ашық турнирде Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.