Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
751 материал табылды

Елорда • 01 Наурыз, 2023

Ауданның абат келбеті

Астана қаласының коммуникациялар қызметі ала­ңында Байқоңыр ауда­нының даму жоспары туралы жан-жақты мағлұматқа қанықтық. Аталған аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, көгалдандыру жұмыстарына баса көңіл бөлінеді.

Қоғам • 27 Ақпан, 2023

Жәрдемақымен демеу іркілмейді

Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған азаматтарға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 45 млрд теңге төленді. Биылдан бастап бұл санаттағы жәрдемақылар көлемі 8,5%-ға артты.

Денсаулық • 26 Ақпан, 2023

Аллергиялық ауруларды асқындырып алмаңыз!

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Аллергияның алғашқы белгі­лері: диагностика және емдеу» тақырыбында қалалық Қо­ғамдық денсаулық сақтау бас­қармасының штаттан тыс бас аллерголог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ иммунодефициттер қоғамы» ҚБ төрайымы Елена Ковзель брифинг өткізді.

Маман • 24 Ақпан, 2023

Шетелден келетін кәсіп иелері

Қазіргі заманда қоғамға пайдалы білікті мамандарды кез келген дамыған мемлекет қуана қарсы алады. Бұл ретте оқыған-тоқыған, жалпақ тілмен айтқанда, басы істейтін азаматтарымыздың қадіріне жетіп, басқа елге кетуіне жол бермеу ғана емес, сондай-ақ мұндай ақыл-ой иелерінің елімізге ағылуына да кең мүмкіндік қарастыру маңызды. Осы мақсатта шетелдіктердің елімізге келіп тұрақты қызмет етуіне жол ашатын ең қажет мамандықтардың тізімі бекітілді.

Қоғам • 22 Ақпан, 2023

Қайыры мол қор қолдауға зәру балаларды жігерлендіреді

Әлеуметтік мемлекеттің сипаты халықтың тұрмысын жақсарту, сапалы білім алуға жағдай жасау, денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейге көтеру сияқты басымдықтармен айқындалады. Еліміздің осы мәртебесін нығайтуға «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры сүбелі үлесін қосып жатыр. Әсіресе аталған қордың әлеуметтік санаттағы балалардың дамуына көрсетіп жатқан қолдауы ерекше.

Қоғам • 20 Ақпан, 2023

Зейнеткерлерге көрсетілетін қызмет

Қарияларға құрмет көрсетіп, көңілін аулап, ризашылығына бөлену – ізгі қоғамның бір құндылығы. Бұл ретте зейнет жасындағы қарт кісілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың түрі көп. Осы бағыттағы іс-шаралар жөнінде Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова кеңінен айтып берді.

Білім • 20 Ақпан, 2023

Кәсіптік бағдарлау білікті маман болуға жол ашады

Өмірде таңдау мүмкіндігі туғанда мейлінше мүлт кетпеуге мән беретін маңызды нәрсенің бірі – мамандық. Өкінішке қарай, бұл таңдауға келгенде шалыс басып, басқа шаруаның құлағынан ұстаған немесе мүлдем шарасыз жүрген азамат көп.

Қазақстан • 17 Ақпан, 2023

Жеті елге жеткізетін әуе бағыттары

Өткен жылы елімізде 7 мемлекетке 10 жаңа әуе бағыты ашылды. Енді отандастарымыз Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) жаңа әуе рейстерімен тікелей қатынай алады.

Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Көңілді демеген «Күміс жас»

Бейнетінің зейнетін көретін жасқа жақындағанда жұмыссыз қалып, пұшайман күй кешкен азаматтардың ахуалы да мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды. Мұндай келеңсіз жағдайға тап болған еңбекке қабілетті адамдардың көңілін демеген «Күміс жас» жобасы бар.

Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Қоныс аударушыларға – кең қолдау

Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында жұмыс орны тапшылығы байқалатын өңірлерден 7 923 адам өз еркімен қоныс аударды. Оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 қоныс аударушы бар. Барлық қоныс аударушыға тиісті деңгейде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.