Қоғам • 09 Шілде, 2023
Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін сыйымдылығы аз үйлерді ашу қанатқақты жобасы басталып жатыр. Мұндай шуаққа толы шағын үйдің алғашқысы Қарағандыда мүгедектігі бар балаларға арналып ашылды.
Елорда • 05 Шілде, 2023
Ширек ғасырда ерекше екпінмен дамыған елорданың бүгінгі келбеті кім-кімді де таңғалдырмай қоймайды. Осынау жас қаланың асқақ Астана болып қалыптасуына әрбір тұрғынының, әсіресе, халықтың басым бөлігін құрайтын жастардың үлесі зор. Арман қуып, үмітін үкілеп, Астанаға жиналған жастар өзін дамыту арқылы елорданың, елдің дамуына әсер ететіні анық. Бұл ретте бас қалада жастардың жолын ашып, жан-жақты қолдайтын мүмкіндік мол.
Туризм • 13 Маусым, 2023
Ем іздеп жер асқан туристерге еліміз қаншалықты тартымды?
Денсаулықтан асқан аяулы дүние жоқ. Былайғы күнде қадіріне жетіп құнттай қоймағанмен, пенде шіркін, басына іс түскенде бірінші байлық үшін бар дәулетін сарп етуден аянып қалмайды, дертіне дауа табылса, жердің кез келген шетіне баруға да даяр. Мұндайда медицинасының мүмкіндігі жоғары, қызмет көрсету сапасы жолға қойылған мемлекеттердің көші ілгері. Кейінгі жылдары біздің еліміз де осы көшке ілесіп қалды, оның дәлелі дәрігерлерімізге сенім артып, алыстан «ат арытып» келетіндердің қатары көбейіп жатыр.
Отбасы • 07 Маусым, 2023
Әрбір отбасы қолдаусыз қалмайды
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру ұдайы назардан түспейді. Бұл бағыттағы жұмыстардың жай-жапсары жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарланды.
Қоғам • 01 Маусым, 2023
Президенттің тың бастамасымен кейінгі жылдары халыққа зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін баспана алуға және емделуге жұмсауына мүмкіндіктің берілуі елімізде үлкен жаңалық болып, көптеген азамат бұл өзгерістің игілігін көріп үлгерді. Енді еңбегінің жемісін көрер зейнет жасындағы азаматтарға зейнетақы жинағын түгел пайдалануға құқық берілейін деп жатыр. Аталған жаңашылдық алдымыздағы шілде айынан бастап жүзеге асырыла бастайды.
Елорда • 31 Мамыр, 2023
Студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Астанада биыл 1 900 орынға арналған 5 студенттер жатақханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал 2025 жылға қарай жеке инвесторлар мен жоғары оқу орындарының меншікті қаражаты есебінен 11 мыңға жуық орынды қамтитын жатақханалар салып, тапсыру жоспарда бар.
Пікір • 28 Мамыр, 2023
Қай қоғамды алып қарасақ та, анадан ардақты, анадан асыл ешкім жоқ. «Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын» деп ұдайы аузымызда жүрген, жадымызда жатталған әдепкі әннің сөзімен айтсақ, бәріміздің анамыз алтын екеніне шәк келтіре алмаймыз. Алайда қоғам болған соң әркімнің өзіне лайық қадір-қасиетімен қоса материалдық игіліктермен өлшенетін әлеуметтік мәртебесі де болады.
Медицина • 24 Мамыр, 2023
Сегізкөзге жасалған сәтті операция
Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері сегізкөз өріміне операция жасап, құйымшақтағы қатерлі ісікті алып тастады.
Туризм • 24 Мамыр, 2023
Арқаның кербез сұлу Көкшетауын тамашалағысы келіп, жер-жерден ағылатын жұрттың қатары жыл сайын артып келеді. Былтыр курорттық аумаққа 711 мыңнан аса адам келіпті. Биыл туристер саны бұл межеден де асып түсуі мүмкін. Бұл ретте демалушылардың да қауіпсіздігін, тұмса табиғаттың да бүтіндігін қамтамасыз ету аса маңызды. Мұндайда «ақылды», яғни смарт жобалардың тигізетін септігі мол.
Медицина • 23 Мамыр, 2023
МӘМС: Қордаланған мәселе қалай шешіліп жатыр?
Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тиімділігіне күмәнмен қарайтындардың қатары әлі де көп. Мұны медициналық көмекті тиісті деңгейде ала алмай жүрген халықтың қынжылысынан байқауға болады. Бірақ көпшіліктің талап-тілегін ескере отырып, бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралардан ілгерілеушілік те сезіледі. Бұған Орталық коммуникациялар қызметі алаңында келтірілген мағлұматтан көз жеткіздік.