Саясат • 15 Қыркүйек, 2022
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022
Бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктері әзірленді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022
«Ұлттық қор – балаларға»: Ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама
Адам капиталын дамыту – ұлт сапасын арттырып, қоғамның ілгері басуына бастайтын іргелі бағыт. Бұны әуелден басшылыққа алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәрменді бастамалар көтеріп, ілкімді істердің атқарылуына ықпал етіп келеді.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2022
Платформа арқылы пайдалы курстардан өтуге болады
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 76,9 мың қазақстандық, оның ішінде 17 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 110,7 мың адам тіркелді, оның 97,3 мыңы 2022 жылы тіркелген.
Медицина • 30 Тамыз, 2022
Консультациялық-диагностикалық қызметтер саны артты
Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың 4 айында бейінді мамандар 97 млрд теңгені құрайтын 54,6 млн консультация мен диагностикалық зерттеулер қызметін көрсетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.
Экология • 24 Тамыз, 2022
Ауаның ластануын төмендету аймақтарда жіті назарға алынады
Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша, 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистердің ішінде 9 қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп танылды. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Жезқазған қаласы осы жылдың басында жоғары деңгейден орташа деңгейге өтті. Осы жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен аймақтардың экологиялық жағдайы туралы брифингте кеңінен мағлұмат берілді.
Коронавирус • 21 Тамыз, 2022
Эпидемиялық ахуал жақсарып келеді
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеп, кейінгі тәулікте 740 адамнан індет анықталды. Қазір барлық өңіріміз «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен жағдай оңалды екен деп арқаны кеңге салмай, сақтық шараларын ұстануды ұмытпаған жөн. Өйткені арамыздан әлі іргесін ажыратпаған індеттің қайта күшейіп кетуі қаупі бар екеніне әбден көз жетті.
Қоғам • 18 Тамыз, 2022
Жаймашуақ жаз шыққанда жайраңдаған жас балалар суға шомылуды әуес көріп өзен-көлді жиі жағалап кетеді. Алайда жан-жағын бағамдай бермейтін балғындар абайсызда жағадан алыстап, ойламаған жерден бойламайтын суға батып кетіп жатқан жайсыз жағдайлар аз емес. Биыл айналдырған үш айдың ішінде, айдың-күннің аманында 60-қа жуық аймаңдай баладан айырылып, қаншама отбасы қайғыдан қан жұтты, қасірет шекті.
Қоғам • 17 Тамыз, 2022
Биылғы екінші тоқсанда еліміздегі орташа айлық жалақы 312 мың теңгені құрады. Бұл көлем өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артып отыр. Алайда артпаса кемімейтін, ортаймайтын осы көрсеткіш көпшіліктің әлеуметтік көңіл күйінің көтерілуіне әсер ете алмай-ақ қойды. Өйткені жұмысқа жарамды жұрттың басым бөлігінің орташа жалақыға жете алмай, жарымай келе жатқаны қашан?!
Қоғам • 15 Тамыз, 2022
Ерекше балаларға қамқор орталық
Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар кішкентайының қатардан қалмай, дүниетанымы, өмірге бейімделу дағдысы қажетті деңгейде қалыптасқанын қалайтыны анық. Осы санаттағы отбасылардың қасынан табылып, жан-жақты қолдау көрсететін орталықтардың қатары көбейіп жатқаны қуантады. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, олардың ата-анасына да қажет көмек түрлерін көрсететін орталық ашылды.