Қоғам • 11 Тамыз, 2022
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 204,8 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, бұған қоса 6,6 мың адам ымдау тілі қызметін, 25,8 мың адам жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ портал көмегімен кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 59 мың тапсырыс рәсімделді.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2022
Індет барлық өңірде өршіп барады
Елімізде кейінгі екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы 3,2 есе өсті. Бүгінде індеттің белсенді таралу қарқыны барлық өңірде байқалып отыр. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында эпидемиялық ахуалға қатысты кеңінен мәлімет берді.
Қоғам • 03 Тамыз, 2022
Осал санаттағы талапкерлер тегін оқуға мүмкіндік алады
Нұр-Сұлтан қаласында жоғары оқу орындарына түскісі келетін әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлерге оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек беру бағдарламасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Берекелі жұмыс әлеуметтің көңіл күйін көтереді
Халықтың ырыс-несібесінің еселеніп, берекелі жұмыспен қамтылуы – негізгі назардағы басым бағыт. Осы орайда бірқатар мақсаттан тұратын арнайы қолға алынған кешенді жоспар бар. Соған сәйкес Үкімет бюджет қаражатын әділ бөлуді және табыс деңгейі төмен азаматтарды қолдауды көздейтін ілкімді іс-шараларды Халық табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатыр. Бұл, әлбетте, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасымен үйлеседі.
Коронавирус • 01 Тамыз, 2022
Елорда «сары аймақтан» шыға алар емес
Елімізде эпидемиялық ахуал кейінгі екі күнде өзгере қойған жоқ. Күніне коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 мыңнан аса адам анықталып жатыр. Оның жартысына жуығы – елорда тұрғындары. Сәйкесінше, бүгінгі таңда «сары аймақта» қалып тұрған жалғыз өңір – осы Нұр-Сұлтан қаласы.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Жұмысқа тұруға қажетті құжаттар – арнаулы сервисте
hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисі іске қосылды. Аталған сервис жұмыс берушіге жұмысқа орналасатын қызметкер туралы мәліметтерді электронды түрде алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бизнес • 28 Шілде, 2022
Business.enbek.kz – грант алып, кәсіп бастауға мүмкіндік
Business.enbek.kz порталында 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Шілде, 2022
Миллениалдар мен зумерлер дәстүрлі жұмыс форматын өзгертуге бейілді
Бүгінгі таңда жұмыс күшінің көп бөлігін 18 бен 41 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Бұл жас шамасындағы жұмысшылар – миллениалдар мен зумерлер буынына жататын ұрпақтар. Яғни 1980-1990 жылдары туғандар миллениалдар болса, 1990-2010 жылғылар интернет буыны болып саналады. Microsoft Work Trend Index 2022 зерттеуінде осы санаттағы қызметкерлердің жұмыстан не қалайтыны, олардың өміріндегі жұмыстың рөлі қандай екені жан-жақты қарастырылды. Нәтижесінде, миллениалдар мен зумерлердің 49%-ы биыл жұмыс орнын өзгертуге құлықты екені анықталды.
Медицина • 26 Шілде, 2022
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады
Бұрын Африка елдерінде ғана кездесетін маймыл шешегі кең таралып, бүгінгі таңда бұл инфекцияны жұқтырған адамдар әлемнің көптеген тұсында анықталып жатыр. Жағдайдың бұлай ушығуы жаһандық ауқымда алаңдаушылық тудырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін бүкіл әлемде төтенше жағдай деп жариялады. Бұл – эпидемияға немесе пандемияға әкелуі мүмкін қауіптің ең жоғары деңгейі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Киік санын тиімді реттеу күрделі ғылыми-зерттеуді қажет етеді
Киікті көпсінген күрделі мәселенің күрмеуі әлі де тарқамай тұр. Киелі жануардың санын оққа байлаумен оңтайландырудан басқа шешім ұсына алмаған тиісті ведомствоның басшысы Президенттен сөз естіп, сөгіс алды. Енді жан-жақты ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, киік популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері қарастырылады.