Қазақстан • 27 Сәуір, 2020
Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланады - сенатор
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары пысықталып жатқан болатын. Мәжілісте мақұлданған заң жобасын жоғарғы Палатада одан әрі қарауға Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жауапты болып белгіленді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В.Волковтың айтуынша, сенаторлар 17 сәуірде заң жобасын әзірлеушілермен бірге жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2020
Соттар күніне 4,5 мыңнан аса істі қашықтан қарап жатыр
Індет қаупі төніп тұрған төтенше жағдай кезінде еліміздегі соттар күн сайын 4,5 мыңға жуық істі онлайн режимде қарайды. Бұл туралы Жоғары Соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов хабарлады.
Қоғам • 25 Сәуір, 2020
Біз біргеміз: ҚХА жаңа госпитальге 350 электрондық термометр сыйлады
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Біз біргеміз» акциясы аясында коронавирус індетімен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсетті.
Қоғам • 23 Сәуір, 2020
Туған күнді ерекше тойлауға оқталғандар ұсталды
Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері қару-жарақпен туған күн атап өтпекші болғандарды ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Өнер • 23 Сәуір, 2020
Абай әндері ұлттық музыкалық аспаптарда шырқалады
Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және таныту мақсатында акция бастады. Аталған шаралар қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын тойлау аясында #Абай175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хэштегтері бойынша өтеді.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспанов Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған сауалында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселесін көтерді.
Парламент • 22 Сәуір, 2020
Саяси партия құру тәртібін жеңілдететін заң жобасы мақұлданды
Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын жеңілдететін заң жобасы мақұлданды.
Парламент • 22 Сәуір, 2020
Жастарды саясатқа белсенді тартуға бастайтын заң жобасы мақұлданды
Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.
Қоғам • 21 Сәуір, 2020
Біз біргеміз: Сақшылар мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп берді
Төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясы аясында балалар үйіне, қарттар үйіне және әлеуметтік жағынан әлсіз топтардағы отбасыларға қолдау көрсетуде. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Сәуір, 2020
Біз біргеміз: «Барбанг» қауымдастығы 100 мұқтаж отбасыға көмектесті
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығы «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбсыларға қайырымдылық жасады.