Қазақстан • 20 Наурыз, 2020
Эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты Smart Astana мобильді қосымшасынан білуге болады
Еліміздегі санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, инфекцияның қаупін азайту туралы жедел ақпаратты Smart Astana мобильді қосымшасынан білуге болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2020
Елімізде 3 жыл қатарынан жастарға грант беріп жұмыс жасаған Жастар корпусын дамыту жобасы биылғы жылы Алматы және Қарағанды облысы жастарына тағы да грант беруді жоспарлаған. Үш жыл ішінде Қазақстанның 9000-нан аса жастары 2679 әлеуметтік жоба жасап, өздері тұратын аймақтың өсіп-өркендеуіне үлес қосты деп айтсақ артық емес.
Руханият • 20 Наурыз, 2020
Коронатерапия немесе павлодарлық кітапханашылар карантиндік уақытты тиімді өткізуді ұсынады
Орын алған жағдайға байланысты бүгінде қоғамдық жерлерге, әсіресе - ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынуда. Көктемнің мамыражай күнінде үйде омалып отыру әрине қиын. Адамдар далада көбірек жүріп, бой жазып, киноға немесе басқа да қоғамдық орындарға барғысы келетіні түсінікті. Бірақ бұл жұқпалы ауру кезінде адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сақ болған жөн.
Қоғам • 18 Наурыз, 2020
Жұмыстан қысқарып қалғандар не істейді?
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында төтенше жағдай уақытындағы мемлекеттік қызметкерлердің және жекеменшік кәсіпорындардың еңбек мәселесі туралы баспасөз мәслихаты өтті.
Қоғам • 18 Наурыз, 2020
19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режімі енгізілуіне байланысты Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында елорданың әкімі Алтай Көлгінов баспасөз мәслихатын өткізді.
Үкімет • 17 Наурыз, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Төтенше жағдай режімі кезінде қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы туралы пікір білдірді.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қазақстандағы коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды күшейту туралы» баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қатысты.
Қоғам • 05 Наурыз, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында коронавирустан сақтануға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы Бас директоры Арнұр Нұртаев дені сау адамдарға медициналық маска кию қажет емес екенін атап өтті.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин және министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясына байланысты жаңа мәліметтермен бөлісті.