Қоғам • 12 Желтоқсан, 2019
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Болат Өтемұратов қоры 2019 жылы өзінің қызметін кеңейтіп, қайырымдылық жобаларына бөлінген жалпы сома 6 миллиард теңгеден асқан. Аталған көрсеткіш өткен жылғыдан алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қордың Қамқоршылар кеңесінің қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатында айтылды. Жыл қорытындыларын Қамқоршылар кеңесінің мүшелері Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Жәния Әубәкірова және Қордың директоры Марат Айтмағамбетов шығарды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктірудің құралы» атты форум өтті. Форумға 300-ден астам адам қатысып, ғылымды дамытудың және экономиканың нақты секторына отандық әзірлемелерді енгізудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Зорлық-зомбылықтың алдын алуды талқылады
Нұр-Сұлтан қаласында «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенция шеңберіндегі Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес, мүгедектігі бар әйелдердің мұқтаждығын ескере отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Алматы қаласындағы «Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі» мекемесінде 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2019
«Adal urpaq» клубтарының республикалық форумы
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны. Бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Педагогтардың жалақысы 25%-ға көбейеді
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қатысты.
Руханият • 28 Қараша, 2019
Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе...
Балаға білім беріп, біліктілігін арттыруда түрлі тәсіл ұстануға болатынын ұстаздар қауымы жан-жақты дәлелдеп келеді. Әр алуан әдіснаманы пайдалана отырып, оқушылардың зейінін ашып, зеректігін оятуда. Шетелдік шеберлердің озат ойлары мен жоғары жобаларын мемлекетіміздің мектептеріне енгізіп, сапалы сабақтарын бастап кеткелі де көп болды.
Парламент • 27 Қараша, 2019
Жаңа технологияларды меңгеруге шақырды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Жастар Конгресі Кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева «ZHASPROJECT» жобасы аясындағы «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» атты үздік тәжірибелердің республикалық форумына қатысты.
Руханият • 22 Қараша, 2019
Жолаушы болып жолға шыққан адам ең бірінші барар бағытына жылдам әрі жайлы жетуді көздейді. Көлікке көнбей, жүрдек пойызға мінбей, ұшақты ұнататын жандар да жетерлік. Қалай болғанда да, әркім өзінің қалаған тұлпарын тізгіндейді. Сапар – сан түрлі тағдырларды түйістіретін айрықша алаң десек артық айтқандық болмас, сірә. Еркін жүріп, ел аралау барысында екі сағат сапардың өзінде де етене жақын болып кететін жандар кездеседі. Сырласасыз. Мұңдасасыз. Күлесіз. Жылайсыз. Соңында қимай-қимай қоштасасыз.
Әдебиет • 19 Қараша, 2019
Ербол Шаймерденұлының «Сағым дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
Ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Республикадағы алғашқы баспасөз қызметін ұйымдастырушылардың бірі Ербол Шаймерденұлының «Сағым дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.