Қоғам • 03 Ақпан, 2020
Биыл 6 қаңтарда еліміздің Бас санитарлық дәрігері азаматтарды әлемде таралған жаңа коронавирустық инфекциядан қорғау үшін санитарлық нормаларды күшейтуді жариялады. Денсаулық сақтау министрлігі күнделікті инфекция таралуының алдын алу шаралары туралы қазақстандықтарды хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Үкімет • 03 Ақпан, 2020
Күрделі жөндеуге 30 миллиард теңге бөлінді
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Саясат • 24 Қаңтар, 2020
Шетелден әкелінген көліктердің шикілігі көп
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Арменияда және Қырғызстанда тіркелген автокөліктерді Қазақстанға әкелу және пайдалану мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев құқық қорғаушылар не себепті Армения мен Қырғыз Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеуге шақырып жатқанын айтып берді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Абай – әр үйдің төрінде» кітап сыйлау акциясын бастады. Шара аясында қоғамдық орындарда қала тұрғындары мен қонақтары арасында кемеңгер тұлға туралы сауалнамалар жүргізілуде. Сондай-ақ шара барысында Абай шығармалары, соның ішінде өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыған, композитордың әндерін нақышына келтіре шырқаған қала тұрғындары мен қонақтарына Абайдың кітаптары сыйға берілді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Санаулы тіршілікті саралайтын болсақ, адам баласының амандығынан артық құнды дүние таба алмаспыз. Құдай тағаланың берген ғажайып ғұмырының мәні мен маңызын терең түсініп, өмірге келгендегі міндетті миссиясына жауапкершілікпен қарайтын жандармен қатар, жан-жағымен жауласып, жақындарымен дауласып, өмір сүруге деген құлшынысы құлдырап кеткен пенделерді де кездестіруге болады. Тағдырына налып, танысына өкпелеп, туысына ренжіп күн кешіп жүргендерге кім қандай көмек бере алады?! Әсіресе олардың арасындағы жасөспірімдердің жан күйзелісін кім түсінеді? Бүгін осыларды саралап көрелік.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2020
Жаңа заңның жеңілдіктерін түсіндірді
Жақында Парламент Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдады. Заң 21 баптан тұрады және педагогтің кәсіптік қызметтегі, материалдық қамтамасыз ету, көтермелеу, әлеуметтік кепілдіктерге құқықтарын, педагогтің міндеттерін және т.б. көздейді. Заңды қабылдау 9 заңнамалық актіге (1 кодекс және 8 заңға) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Барлық өзгерістер мен толықтырулар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңда көрініс тапты. «Педагог мәртебесі туралы» заңның күші: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында, әдістемелік кабинеттерде қолданылады.
Руханият • 13 Қаңтар, 2020
«Біз – Абай жолындамыз!» (Ғалымдар мен жастар Президент мақаласын талқылады)
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын зерделеуге арналған іс-шара өтті.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2020
Қыс мезгілінде балаларды жарақаттан қалай сақтауға болады?
Қыс мезгілі қызықты ойындар мен көңілді уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар қазір қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы өтуде. Бірақ қуаныш пен белсенді демалудан басқа, бұл кезең қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, демалыс кезінде балалар көп жағдайда көшеде жиі болып, ересектердің қарауынсыз қалады.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2019
Биыл қазақстандық әлеуметтің әлеуеті артқан жыл болды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы бетбұрысты шешімдері де аталған салаға қан жүгірте түсті. Әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған азаматтарға берілер көмек көлемі артты. Бұл іс қоғам тарапынан да қызу қолдауға ие болды.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2019
Архивте 1775-2019 жылға дейінгі аралықты қамтитын 189 қор сақталған
Өткен тарихмызды өшірмей, өлтірмей келер ұрпақтың қолына тапсыруда, оның сақталып, сұрыпталып бір ізге түсуінде Архив қызметінің алар орны айрықша екені белгілі. Аталған саланың бүгінгі жұмысына үңіліп, болашағына көз салу үшін Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Баян ЖҰМАТАЕВАМЕН сұхбаттасқан едік.