Рауан Қайдар
Рауан Қайдар«Egemen Qazaqstan»
396 материал табылды

Қазақстан • 28 Қазан, 2019

Баспасөзге жазылу басталды

Жақында «Қазпошта» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында кезекті мерзімді баспасөзге жазылу науқанына арналған акция өтті. Жыл сайын «Қазпошта» АҚ мерзімді басылымдардың өкілдері мен қалалық оқырмандардың арасында баспасөзге жазылу күнін өткізеді. Бұл күні оқырмандар өздерінің сүйікті газет-журналдарына жазылып, редакция өкілдеріне сауалдарын қойып, шара барысында жылы лебіздерін арнап, мәре-сәре болып қалады.

Спорт • 25 Қазан, 2019

Мейкатон марафоны өтеді

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа прототиптерді ойлап табу мейкатон TOM: Nur-Sultan» жобасы 25-28 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Шарапатты шараның мәні мен маңызы туралы баспасөз мәслихатында «Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Сания Арапова, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Чингиз Маратұлы, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ атқарушы директорының орынбасары Александр Хоркин кеңінен айтты.

Қоғам • 24 Қазан, 2019

Қос ғылымды серік еткен Серікболсын

Домбыра алса әнші, доп ойнаса спортшы болып кететін жаратылысынан жан-жақты жандар айналасына қашанда ардақты. Абыройы да асқақ, беделі де биік. Аудан түгілі аумағына, орта түгілі облысына танымал осындай кейіпкерлерді кездестіру қиын емес. Болмыс-бітімі, тұлға-тұрпаты келіскен өн бойы өнерге, сымбаты спортқа бейім жандарды құрбылары құрметтеп, ағайыны ардақтап, қоршаған ортасы қолынан келгенше әлпештеп, әспеттеп жүретінін көресіз. Оның бәрі адам бойына біткен қабілет пен қасиет деген ерекше екі ұғымның ұштасуынан туған бірегей дүние. Сондай соқпақты жасап, көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген үміткерлерге біздің қазақ «сегіз қырлы, бір сырлы» деп тарихи таңба боларлықтай мәртебелі мөр басқан. Баянауылдың бауырынан, Жаяу Мұсаның ауылынан шыққан Серікболсын Дүйсембай да бір бойына қаншама қабілет дарыған дарынды жас азаматтардың бірі.

Аймақтар • 24 Қазан, 2019

Мемлекеттік тіл мерейі қайтсе көтеріледі?

Келелі кеңесте кемел ой, кестелі сөз сөйлеу үшін кемеңгерге керегі алдымен көркем тіл. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», деп Ах­мет Байтұрсынұлы айтқан ата­лы сөз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тәлімді тәмсілге айналды.

Қоғам • 22 Қазан, 2019

Арақтың ақыры ажалға апарады

Ұлттық ұстанымымызға, болмыс-бітімімізге сай келмейтін кейбір келеңсіз іс-әрекеттер орын алса «қап, әттеген-ай» деп қапаланбайтын қазақ кемде-кем. Жаһандану көшіне ереміз деп жүргенде еңсеміз төмендеп, рухани құндылықтарымыз құлдырап, отбасының, әке-шешенің алар орнын аласартып алған жоқпыз ба?!

Қазақстан • 21 Қазан, 2019

Биометриялық төлем жүйесі де жақын

Елордада «Астана LRT» ЖШС Face pay биоме­триялық мәлімет­тер ар­қылы жолақы төлеу­дің жаңа тәсілі туралы бас­пасөз мәслихатын өт­кіз­ді. Шара барысында жаңа төлем жүйесінің ерек­шеліктері айтылды.

Қоғам • 17 Қазан, 2019

Тарифтен табысқа дейін

Елордада электронды төлем жүйесін енгізу нәтижелері тақырыбына арналған «Қоғамдық көлік: реформалау және даму жолдары» атты конференция өтті. Жиынға қатысушылар сараланған тарифті енгізгеннен кейін қоғамдық көлік жұмысында қандай өзгерістер болғанын айтып, оны енгізудің қорытындысын шығарды.

Қоғам • 16 Қазан, 2019

«Жанұя» орталығы жұмысын бастады

Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деген сөзді жиі естиміз. Бұл үй болудың күрделілігін көрсете ме, жоқ әлде отау құрған жастардың өзара тіл табысуының қиындығын аңғарта ма? Қалай десек те жақсы мағына бермейтіні айдан анық. Мәселе мақалда емес, мәселе осындай мағынадағы тіркестерді туғызбауда. Шағын шаңырақтан шаттықтың үні естілсін деп, ұрыстың емес, ырыстың лебі ессін деп елорда төрінен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.

Қазақстан • 14 Қазан, 2019

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Бұл екеуі адам тіршілігінің қос қа­наты сияқты. Бірі болғанмен екін­шісі болмаса шыңға шығып, биікті бағындыру қиынға соқпақ. Алған білім, тамған тердің өтеуі білімді, білікті һәм сапалы маман болумен сабақтасатыны бел­гілі. Жоғары оқу орнында жинаған төрт жылдық білімін төрге оздыра алмай, пайдаға жарата алмай қапа болып жүр­ген қатарластарымыз да қан­шама. Ол сабаққа деген сал­ғырттықтан ба, мақсатқа деген махаббатсыздықтан ба, жоқ әлде әуелгі арманның әл­сіз­ді­гінен бе?! Білім мен ең­бекті бірге оқытып жүрген универ­ситеттердің бірі – С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­техни­ка­лық университеті.

Руханият • 10 Қазан, 2019

Қазақ өнерпаздары Ресейде концерт қойды

«Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның маңызды бағыты шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау. Бұл - шетелде тұратын отандастармен байланысты нығайту, қазақтың ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысын ұйымдастыруда тиімділікті арттыру.