Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

«Салық әмияны» мәліметтерді өңдеуге септеседі

eSalyq мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметі салықты жылдам әрі тиімді толтыруға септесіп, бірқатар мәселені шешуге септесті. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев және аталған ведомствоның Мемлекеттік қызметтер департаменті дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы Динара Күшібаева айтып берді.

Әлем • 31 Мамыр, 2020

Шегірткелер әлемді жаулап жатыр

Әлемде соңғы 25 жылда болмаған шегірткелердің ең ірі шапқыншылығы орын алды. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымының мәліметінше, әсіресе зиянкестердің қалың нөпірі Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және Африка құрлығындағы елдерде байқалуда. Оның салдарынан көптеген аймақтар ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс айтты.  

Әлем • 30 Мамыр, 2020

Сингапурде автобуста телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

Сингапур билігі қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салды. Бұған қоса вирусты инфекцияның таралу қаупін азайту үшін автобуста адамдарға бір-бірімен сөйлеспеуге кеңес берілді. Бұл туралы үкіметаралық жұмыс тобының отырысында айтылды. Аталған елде 1 маусымнан бастап карантин режімі біртіндеп алынады деп көзделуде.

Әлем • 30 Мамыр, 2020

Лондонның қоғамдық көлік жүйесіне 1,6 млрд фунт бөлінеді

BBC-дің хабарлауынша, Ұлыбританияның билігі Лондонның қоғамдық көлік жүйесін қолдауға 1,6 млрд фунт (1,95 млрд доллар) бөлмек. Таратылған ақпаратына сәйкес, бұл қаражат Біріккен корольдіктің астанасындағы Transport for London (TfL) көлік операторына беріледі.

Әлем • 30 Мамыр, 2020

Трамп Нью-Йорктің көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлді

Financial Times халықаралық іскерлік газетінің мәліметінше, АҚШ-тың президенті Дональд Трамп федералды қаржыландырудың есебінен Нью-Йорктің қалалық көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлуге пәрмен берген. Бұл туралы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мәлім етті деп жазады басылым.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2020

Қазақстандық жолаушы тасымалдаушылардың табысы 40%-ға азайды

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін тұрақты 117 маршруқа, нақты айтқанда ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияға транзитті жолаушылар тасымалы, сондай-ақ автокөліктің барлық түрлерімен халықаралық жолаушылар тасымалы мен көлік логистикасы уақытша тоқтатылды. Бұл отандық тасымалдаушылардың табысының 40%-ға азаюына алып келді. Қалыптасқан ахуалды реттеу үшін қазір көптеген мемлекеттерде карантин режімі жеңілдетіліп, нарықтағы стейкхолдерлер (мүдделі тарап) біртіндеп кәсібіне кірісті. 

Экономика • 25 Мамыр, 2020

Қылмыстық топ қаражатты офшорға аударған

Таяуда «TeleTrade Central Asia» ЖШС басшыларының бірі Алматыда ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалған еді. ІІМ Тергеу департаменті алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, аталған компанияның аймақтық өкілдіктерінде тінту жүргізілді. Шығын мөлшері шамамен жарты млрд теңгеден асып жығылады.

Қазақстан • 22 Мамыр, 2020

Бұқар жырау ауданында геологиялық барлау жұмыстары басталды

«Қазгеология» АҚ мемлекеттік тапсырыстағы нысандардың бірінде, нақты айтқанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Таёжный учаскесінде дала жұмыстарын бастады. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Бизнес • 22 Мамыр, 2020

Кәсіпкер сүйікті ісін табыс көзіне айналдырған

Бүгінгі таңда тігіншілік еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие кәсіптердің бірі. Маңғыстау облысы Шетпе кентінің тұрғыны Индира Бекенаева – мемлекет тарапынан жеңілдетілген па­­­йызбен берілген несие қаржы арқылы кәсібін дөңгелетіп, тігін цехының жұмысын жандандырып отырған кәсіпкер.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып алу басталды

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып алу басталғанын хабарлайды. Сатып алу көлемі – 365 мың тоннаны құрап отыр.