Экология • 14 Қараша, 2019
Экологияны қорғауға адалдық керек
«Адалдық алаңы». Дәл осындай атаумен бас шаһарда жобалық кеңсе өз жұмысын бастады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ашылған кеңсе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетіп, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және жоюға септеседі, дейді тиісті ведомство өкілдері.
Экономика • 14 Қараша, 2019
42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Биылғы 9 айда Батыс Қазақстанда 1,8 трлн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімі шығарылды. Бірінші жартыжылдықта жалпы аймақтық өнім 1,4 трлн теңгеге жетті, бұл көрсеткіш былтырғыдан 145 млн теңгеге жоғары. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аймақ әкімі Ғали Есқалиев айтты.
Қоғам • 11 Қараша, 2019
Пластиктен құтылар күн бар ма?
Былтыр елімізде қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 4,3 млн тоннадан асты. Оның 11,2%-ын немесе 481,6 мың тоннасын пластик қалдықтары құраған. «РОП Операторы» серіктестігінің дерегіне сәйкес, 2016 жылы пластикалық қаптаманың үлесі 283 387 тоннаға жетіп, қайта өңделген қалдықтың көрсеткіші небәрі 6 066 тонна шамасында болды. 2017 жылы бұл индекс 8 994 тонна деңгейінде байқалған еді.
Экономика • 08 Қараша, 2019
«ҚазАгроға» қатысты түбегейлі шешім қабылдау қажет. Бұл аталған құрылымды дәрменсіз басқарудың көрсеткіші. 2018 жылдың қорытындысына сәйкес, «ҚазАгроның» шығыны 120 миллиард теңгеге жетті. Қаржыландырылған 672 жобаның 270-і немесе 40 пайызы жүзеге аспай қалған. Бұл жерде сұрақ қойып, пікір айтудың өзі артық. Компанияны батыл және жедел түрде реформалау қажет. Осы холдингті басқаруға шетелдік мамандарды тартуды ойластырған жөн». Президент Қ.Тоқаевтың бұл өткір сыны отандық қаржы институтындағы сеңнің қозғалуына түрткі болғандай.
Экономика • 06 Қараша, 2019
Бас шаһарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Бірыңғай жиынтық төлемдер (БЖТ) бағасына қатысты қоғамдық тыңдау өткізді. Мемлекеттік корпорацияның ақпаратына сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында БЖТ-ны кем дегенде 340 мың адам аударған.
Экономика • 06 Қараша, 2019
Бас қалада газ қымбатырақ болады
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Қазір елордада орталықтандырылған газ жүйесінің құрылысы қарқын алды. Келер жылу маусымында бас қаланың халқы көгілдір отынмен қамтылады деп сендірді шаһар билігі.
Экономика • 01 Қараша, 2019
Киберқауіпсіздік: Ғаламтор ұрыларына тұсау болмай тұр
Бүгінгі дәуір инновациялық технологиямен тығыз байланысты. Ғасыр игіліктері өмірді жеңілдетіп, өркениетті қоғам құруға адамзатқа қолғабыс етуде. Алайда, цифрлы әлемнің пайдасымен қатар қатерлі тұстары да бар. Тұрмыс-тіршілігіміз цифрлы форматқа ауысқан сайын қорғансыз жақтарымыз да айқындалып жатыр. Мәселен, биылғы сайлау науқанында 11 миллиондай қазақстандықтың жеке мәліметтері қолды болғаны есімізде. Сондай-ақ мыңға жуық азаматтың Damumed жүйесіндегі жеке ақпараты интернетке лезде таралған еді. Бұл киберқауіпсіздік мәселесінің өзектілігі уақыт санап артып келе жатқанын көрсетеді. Осы ретте «Қорғансыздың күнін» кешуге неге мәжбүрміз деген сұрақ туындайды?
Экология • 31 Қазан, 2019
Полиэтилен пакеттен бас тартуда
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен «Жасыл ел» еңбек жасақтары бас шаһарда экологиялық науқан өткізді. Жастар ECO Pack жобасы аясында халықты полиэтилен пакеттің орнына экологиялық таза дорба қолдануға шақырды.
Экология • 25 Қазан, 2019
Экологиялық кодекс: Реформа қоршаған ортаны қорғай ма?
Бұл құжат бұрынғы құжаттардан өзгерек. Осындай мазмұндағы пікірді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі білдіріп отыр. Әңгіме жаңа Экологиялық кодекс жайлы. Қазір қоршаған ортаға қатысты өзекті проблемалар аз емес. Ауаны ластайтын кәсіпорындар, тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу, қоқысты бөліп жинау мәдениетінің аздығы, бейберекет қоқыс алаңдары сынды алаңдатарлық мәселелер жеткілікті. Міне осындай түйткілдерді жаңа кодекс реттеуге септеседі деп сендіріп отыр салалық ведомство.
Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Газ келсе, жылу тарифтері өзгере ме?
Қоңыр күздің мизам шуағы өтіп, кезекті жылу маусымы басталды. «Қыстың қамын жаз ойла» деп халқымыз бекер айтпаған. Қар түспес бұрын коммуналдық қызметтер жылу нысандарын тексеріп, дайындық жұмыстарын пысықтайтыны мәлім. Орайлы сәтті пайдаланып, бас шаһардың биылғы науқанға әзірлігін біліп қайттық. Жақында, елорданы көгілдір отынмен қамтуға бағытталған «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды. Бірақ жылудың бұл балама түрі тұрғындар үшін қымбатқа түспей ме?