Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Экономика • 20 Наурыз, 2020

Теңгенің әлсіреуі шикізат нарығында байқалды

Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобындағы шоғырландырылған кіріс мөлшері 502,3 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке U3O8 (уран оксиді) нарығындағы спот бағаның өсуі (қолма-қол баға) және былтырғы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің әлсіреуі ықпалын тигізді. Бұл туралы ұлттық атом компаниясының қаржылық есебінде айтылған.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Пандемияның уран өндірісіне әсері

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан ауыр өндіріс орындары, фабрикалар, мегакорпорациялардың біразының жұмысы саябырлады, қалталы азаматтар миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе шикізат нарығында анық байқалып отыр. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшының бірі саналады. Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ таза табысы 50%-ға қысқарып, 213,7 млрд теңгені құрады. Бұған жаһандық індет ықпал етті ме, әлде отандық шикізатқа сұраныс азайып бара ма?

Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Азық-түлік саудасы тежелмейді

Төтенше жағдайға қарамастан еліміздегі азық-түлік сауда орындары жұмысын тоқтатпайды. Алайда аталған нысандар санитарлық қауіпсіздік шараларын мейлінше күшейтуге тиіс. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді.

Қоғам • 11 Наурыз, 2020

Тастан түлкі табылар... (Аңшылық шаруашылығын дамытуды қайта қарау қажет)

Өркениетті елдерде аңшылық шаруашылығы әлдеқашан жолға қойылған. Айталық аңшылық туризм көркейген Канадада осы саладан жылма-жыл 12 млрд доллар табыс түсіп, соның 6 млрд доллары мемлекет қазынасына құйылады. Бұл сегмент арқылы «үйеңкі жапырақты» елде 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, табысын еселеп жүр.

Экономика • 04 Наурыз, 2020

2,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Былтыр «Стоп-ойын» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде бас шаһарда 135 құмар ойын орны анықталып, 100-ден астам ойын аппараты жойылды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің тергеу басқармаларының басшылары Олжас Сүлейменов пен Болат Хамитов айтты.

Экономика • 02 Наурыз, 2020

Коммерциялық банктердің заңсыз әрекеті

Соңғы үш жылда Қазақстанда кәсіпкерлік саласындағы заңсыз тексерістердің көлемі 970 фактіні құрап, 351 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кәсіпкерлердің IV республикалық форумында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

Экология • 25 Ақпан, 2020

Орманды сақтауға бағытталды

Қазақстандағы экологиялық конъюнктураны жақсартуға БҰҰ Даму бағдарламасы және Bitfury Group компаниясы септесетін болады. Осыған байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде мүдделі тараптар тиісті уағдаластыққа қол жеткізді. Белгілі болғандай бірлескен жұмыстар орман алқаптарын ұлғайтуға бағытталған.

Экология • 20 Ақпан, 2020

Химиялық заттар қалай реттеледі?

Қазақстанда химиялық заттарды тиімді реттеу жүйесі жолға қойылмаған. Соңғы жылдардағы статистика көрсеткендей, қоршаған ортадағы өзгерістің салдарынан балалар арасында жұқпалы емес аурулардың көбейгенін байқауға болады. Бұл туралы бас шаһарда өткен химиялық заттарды реттеу мен қауіпсіз жұмыс істеуге арналған семинарда БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының менеджері Инна Гор айтты.

Экономика • 20 Ақпан, 2020

Табысты жылыстатудың жолдары

Қылмыстық жолмен кірісті жылыстату һәм ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдыру – құқық қорғаушылардың бас ауруына айналған әлемдік проблема. Мәселен, былтыр қылмыскерлер биткоин арқылы 3 млрд долларға жуық қаражатты қалтаға басыпты. Бұл деректі Chainalysis компаниясы арнайы зерттеу нәтижесінде келтірді.

Қоғам • 14 Ақпан, 2020

Урбандалу үрдісі адами капиталды тиімді пайдалануды қажет етеді

2050 жылға қарай Жер шарындағы халықтың үштен екісі қалаларда өмір сүреді. Қазір күн сайын шаһарларға 180 мыңдай адам көшіп жатыр. Дамыған мемлекеттерде қалалықтардың саны жылма-жыл 60 млн адамға көбеюде. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес келтірді. Осы ретте адами капиталды дамыту индексі бойынша Қазақстан 200-ге жуық елдің арасында 50-орынға тұрақтаған-ды. БҰҰ ДБ бұл көрсеткішті денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы негізгі жетістіктермен байланыстырып отыр. Соған қарамастан отандық талантты мамандардың шетелге миграциясы тоқтамай тұр.