Көрме • 29 Мамыр, 2024
АҚШ-та қазақ этномұражай-көрмесі ашылып, шетте жүрген барша жерлесіміз ұлттық мұраларды көзбен көріп, қолмен ұстады. Мәдени іс-шараны Нью-Йорктегі кәсіпкер қазақ азаматы Назар Әли Бименов ұйымдастырған. Көрме енді Бруклин ауданында тұрақты өтіп тұрмақ. Ал бұл жолы алғашқы күні адам көп жиналатындықтан, ұйымдастырушылар этномұражайдың ашылу салтанатын Бруклиндегі саябақта өткізген.
Көрме • 28 Мамыр, 2024
Да Винчи туындысы – Ұлттық музейде
Аңыз-тұлға Леонардо да Винчидің ең жұмбақ әрі құнды туындыларының бірі – La Bella Principessa Варшава кодексінің Сфорциядасынан алынған сурет. Қылқалам шеберінің пергаменттегі жалғыз туындысы Қазақстан жұртшылығының назарына ұсынылмақ.
Таным • 27 Мамыр, 2024
Адам ұялса, қызарады дейміз. Ал Францияның ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта ұлттық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үй тауықтары ашудан, қуаныштан және басқа да эмоциялардан қызарып кететінін анықтады.
Өнер • 24 Мамыр, 2024
Күні кеше ғана Париж аспанында қазақтың әсем әні мен күміс күйі күмбірледі. Еуропа жұрты бұл жолы «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концертін тамашалап, халқымыздың бай мұрасынан сусындап қайтты.
Таным • 24 Мамыр, 2024
Француз жазушысы Стендаль 1817 жылы Флоренцияға барғаннан кейін: «Мен Қасиетті Крест шіркеуінен шыққан кезде жүрегім дүрсілдеп, өмірдің жарығы таусылып, жерге құлап кетердей сезіндім», деп жазады.
Таным • 23 Мамыр, 2024
Салыстырмалы түрде алсақ, қазір адамдардың көбі күйзеліске жиі ұшырайды. Мұның себебі де көп. Жан тыныштығын іздеген пенде түрлі амалға да жүгінеді: медитация, аффирмация. Ал жанға дауа нағыз терапия қазақ даласында сонау сегіз ғасыр бұрын пайда болған. Ғалымдардың айтуынша, үрмелі аспап сазсырнай – күйзелістен құтқаратын таптырмас ем.
Таным • 23 Мамыр, 2024
Егер Францияға жолыңыз түсер болса, ғажайып суретші-импрессионист Клод Моненің үйіне тоқтауыңызға болады. Иә, «Airbnb» қызметі бірнеше жылдан бері қылқалам шебері Клод Моне тұрған әйгілі көк үйді жалға беріп келеді. Әсіресе өнерге жаны құмар адамға аңызға айналған шебердің үйінде тұру, Моненің ізімен жүру өлшеусіз бақыт екені сөзсіз. Бұл, әрине, кез келген тұлғаның мұражайына ақысын төлеп, кіріп шыққаннан әлдеқайда биік сезім. Тіпті тарихты көзбен көргендей әсер қалдыруы мүмкін.
Таным • 22 Мамыр, 2024
Қазақ жерінде ең алғаш орыс әдебиетінің классиктерін тәржімалаушылардың бірі Халиолла Құнанбайұлы екенін біреу білсе, біреу білмес. Халиолла Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздан туған. Дана Абайдың талантты інісі. Ол жасында барлық Құнанбай балалары сияқты ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алып, мұсылманша хат таниды. Семейдегі Камалиден хазіреттің медресесінде үш жыл оқып, оған қоса өзі ынта қойып, орысша сауатын ашып, кейін Омбыдағы кадет корпусында білім алған.
Кино • 22 Мамыр, 2024
Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы халықаралық Канн фестивалі аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Музей • 22 Мамыр, 2024
Халықаралық музей күні аясында Сиань қаласындағы Шэньси тарихи мұражайында «Чанъаннан бастап: Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгеніне 10 жыл толғанын мерекелеу» көрмесі ашылды.